Жақында Комитет төрағасының орынбасары Ермек Омаров III халықаралық Ecojer конгресіне қатысты.

Жақында Комитет төрағасының орынбасары Ермек Омаров III халықаралық Ecojer конгресіне қатысты.

Онда көміртектің бейтарапталуы мен қатар инновациялық технологияларды енгізу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту сияқты мәселелер талқыланды.

Панельдік сессиялардың бірінің тақырыбы “Ластаушы төлейді: ақылға қонымды” болды, онда Ермек Қасымғалиұлы спикер ретінде сөз сөйлеп, Экологиялық кодекстің негізгі қағидаттары туралы айтты.

 «Ластаушы төлейді» принципі ластанудың алдын алу шараларын, сондай-ақ, қоршаған ортаға келтірілген залалды қалпына келтіру жауапкершілігін білдіреді.

Табиғат пайдаланушыларға экологиялық айыппұлдар төлегеннен гөрі қоршаған ортаға теріс әсер етудің алдын алу бойынша барлық шараларды қабылдау тиімдірек. Экологиялық залал туындаған жағдайда, табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқы қалпына келтіруге міндетті.

"Қазірдің өзінде кәсіпорындардың қоршаған орта компоненттерін ремедиациялау және оларды бастапқы қалпына келтіру жағдайлары бар".

Ремедиацияның мысалдары Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орын алды.

Сонымен қатар, спикер I санаттағы объектілердің ластану көздеріне мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнату қажеттігін атап өтті.

Бекітілген критерийлерге сәйкес АЖМ енгізу 1 санаттағы 89 кәсіпорында қарастырылған.

Бүгінгі таңда АЖМ-де 15 кәсіпорын қамтылған, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 50% - ға дейін жеткізу жоспарлануда