І санаттағы объектілерде автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату

І санаттағы объектілерде автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату

Қазақстан Республикасының Экология кодексіне (418-баптың 16-тармағы) сәйкес автоматтандырылған мониторинг жүйесінің міндетті түрде болуы туралы талап 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Қазіргі уақытта, Министрлік қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарының жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкін құру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Пилоттық режимде қоршаған ортаға эмиссиялардың АМЖ-нен деректерді қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз.

І санаттағы объектілердің операторлары Қағиданың 11-тармағында белгіленген тиісті өлшемшарттарға сәйкес (Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 208 бұйрығы) апробациялау үшін Министрліктің ақпараттық жүйесіне АМЖ деректерін беру және қабылдау тетігін қосуды қамтамасыз етуі қажет.

Интеграция SMART BRIDGE платформасы арқылы жүргізілетін болады, ақпараттық өзара іс-қимылға қойылатын талаптар бекітіліп, пилоттық жобаға қатысушыларға жіберілетін болады.

Жүйеге қосылу мәселелері бойынша Жахангиров Айбектің 87028682566 нөміріне хабарласуға болады.