Пресс-релиз

Пресс-релиз
Бүгін 15:20-да "Nasar Solutions" ЖШС өндірістік базасының мұнай шламын өңдеу цехында өрт шықты. Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына "Теңізшевройл"ЖШС өрт сөндіру авариялық қызметі жедел шықты.
Қазгидромет мониторинг станциясының деректері бойынша атмосфералық ауада ластаушы заттардың артықтануы анықталған жоқ.
Атырау облысы бойынша Экология департаментімен "Nasar Solutions" ЖШС-не қатысты тексерулер жүргізіліп, орын алған жағдай анықталатын болады. Нәтижелері қосымша хабарланатын болады.
Мәлімет үшін: "Nasar Solutions" ЖШС өндірістік нысаны Атырау қаласынан 400 шақырым жерде "Теңіз" вахталық қалашығы базасында орналасқан. Кәсіпорын қауіпті қалдықтарды өңдеумен, кәдеге жаратумен, залалсыздандырумен және жоюмен айналысады.