Экологтардың 2021 жылғы жұмысының қорытындысы

Экологтардың 2021 жылғы жұмысының қорытындысы
Жақында Экологиялық реттеу және бақылау комитеті алқа отырысында 2021 жылдағы өз қызметін қорытындылады. Комитеттің және оның аумақтық департаменттерінің жылдық қызметі бірқатар міндеттерді орындаумен тұспа-тұс келді:
 
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер:
* барлығы – 2187 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
* қамту саласын және ҚОӘБ анықтауға 322 өтінім;
* мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге 46 өтінім;
* экологиялық рұқсат алуға 24 өтінім;
* санаттылықты растауға 27 375 өтінім;
* бас тарту туралы шешімнің себептері-келісу хатының болмауы, ұсынылған мәліметтердің толық болмауы және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметті дұрыс таңдамауы.
* Экология комитеті мен департаменттерінің экологиялық реттеуімен шығарындылар 194 мың тоннаға, төгінділер 122,6 мың тоннаға, қалдықтар 6,9 млн. тоннаға азайды;
Міндеттер:
* барлық бас туралы шешімді талдау;
* табиғат пайдаланушылар мен жобалау ұйымдары арасында Экологиялық кодекс пен өзге құқықтық актілер нормаларын түсіндіруді жүргізу;
* заңға тәуелді актілерге өзгерістер енгізуге бастамашылық жасау.
 
Мемлекеттік экологиялық бақылау:
* экологиялық заңнаманың сақталуы бойынша 1032 тексеру жүргізілді;
* 3299 бұзушылық анықталды;
* 1760 нұсқама берілді;
* жаңа экокодекске сәйкес кәсіпорындарға қатысты инспекторлық ден қою қорытындылары бойынша бірқатар ремедиация рәсімдері жүргізілді.
Міндеттер:
* экологиялық проблемалар бойынша барлық жарияланымдарға дайджест және қадағалау жүргізу, оларға жедел ден қоюды ұйымдастыру;
* барлық күш-жігерді экологиялық проблемаларды шешуге бағыттау;
* ұйғарымдарды орындауға қол жеткізу, кәсіпорындардың ластануын азайту.
 
Экологиялық мәселелерді шешу:
* экологиялық проблемаларды кешенді шешу бойынша Жол карталары бекітілді, іске асыру мерзімі 2025 жылға дейін, барлығы 485 іс-шараны көздейді. Түркістан облысында газдандыру жұмыстары аяқталды, Нұр-Сұлтан қаласында ЖЭО-ның барлық су жылыту қазандықтары табиғи газға ауыстырылды, Атырауда мұнай шламдарын сусыздандыру қондырғысы жүргізілді;
* "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы бекітілді, оған эмиссияларды 20-дан 80% - ға дейін төмендету мақсатында 16 ірі өнеркәсіптік объект кірді.
 
Экологиялық реттеу және бақылау барысындағы процестерді автоматтандыру:
* өндірістік экологиялық бақылау есептілігі автоматтандырылды. 3719 есеп келіп түсті. Бұл аналитиканы цифрландыруға және деректердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді;
* субъективті факторды барынша азайтуға, камералдық бақылау мүмкіндігін және Мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік беретін экологиялық бақылау процестерін автоматтандыру бойынша жұмыс басталды;
* табиғат пайдалану операторларының санатын анықтау үшін портал құрылды. 27 мың өтінім қабылданды және өңделді;
* қоғамға қолжетімді Қоғамдық тыңдауларды тіркеу және өткізу бойынша бірыңғай портал құрылды.
Міндеттер:
* сарапшылардың қарауына арналған мәселелер шеңберін анықтай отырып, сараптама мен рұқсаттарды цифрлау жөніндегі жұмысты жалғастыру (чек-лист);
* мемлекеттік бақылау процесін тексеруді тіркеуден бастап шаралар қабылдауға дейін автоматтандыру. Бұл тексерулер жүргізудің және мамандардың біліктілігін арттырудың ашықтығын қамтамасыз етеді.
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар:
* Комитеттің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді;
* Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар енгізілді;
Міндеттер:
* мемлекеттік бақылау және экологиялық реттеу процестерін және олардың ашықтығын автоматтандыру;
* жұртшылықты, оның ішінде Адалдық аланы өкілдерін тексерулер жүргізуге және мемлекеттік қызметтер көрсетуге барынша тарту;
*қызмет алушылармен және тексеруші объектілермен кері байланыс орнату.
 
Мемлекеттік қызметшілерді тағайындау кезінде меритократия қағидатын сақтау:
* жоғары тұрған лауазымға 32 мемлекеттік қызметші тағайындалды, ол 84% - ды құрады. Оның ішінде: департамент басшысының 4 орынбасары, 13 бөлім басшысы, төмен тұрған лауазымға - 50 мемлекеттік қызметші.
 
Қоғаммен және БАҚ-пен жұмыс:
* Сайтта және ресми парақшаларда барлығы 2675 посттар жарияланды;
* 256 жұртшылықпен кездесу және азаматтарды қабылдау өткізілді;
* 161 баспасөз конференциясы мен брифингтер берілді.
Міндеттер:
* әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізу;
* жұртшылық көтеретін барлық мәселелерге дереу ден қоюды қамтамасыз ету;
* апта сайын халықпен және қызмет алушылармен кездесулер өткізу;
* мемлекеттік органның барынша ашық қызметін қамтамасыз ету.
 
Алқа соңында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев экология департаменттерінің басшыларымен жеке кездесу өткізіп, олардың алдына орта мерзімді перспективаға бірқатар міндеттер қойды.
 
Олардың қызметі ең алдымен экологиялық проблемаларды шешуге, қоршаған ортаға жүктемені азайтуға, жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасауға және олар көтеретін экологиялық мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс. Дәл осы көрсеткіштер келесі есеп беру кездесуінде департаменттердің қызметін бағалау кезінде ескеріледі.