Ақтөбе қаласының экологиялық жағдайы - бақылауда

Ақтөбе қаласының экологиялық жағдайы - бақылауда

25 шілдесі күні «Батыс - 2» ауданындағы Денсаулық саябағында тұрғындармен Облыс әкімінің орынбасары Қ.Бекенов, Ақтөбе облысының Экология департаментінің басшысы Ж.Иманқұлов, Ақтөбе қаласының жер қатынасы бөлімінің басшысы Ұ. Мыңбаев және «Ақбұлақ» АҚ-ның президенті А.Ибраев -тың қатысуымен кездесу өткізілді.   

         Қаланың экологиялық жағдайы туралы тұрғындар Денсаулық саябағында өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қоя алды. Қала тұрғындары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардан жасалып жатқан іс-шаралар және қаладағы жағымсыз иістен қашан құтылатындары жайында сұрақтар мазалаған болатын.

         Тұрғындардың сұрақтарына мемлекет басшылары Ж.Иманқұлов, Ұ.Мыңбаев, А.Ибраев жауап берді.

Облыс әкімінің орынбасары Қ. Бекенов мәлімдемесі бойынша Ақтөбе қаласындағы қоршаған ортаны ластаушы көздер тұлғаларына қатаң жаза қолданылатындығы жеткізілді.

         Сонымен қатар, 25 шілде күні Ақтөбе қаласы Кірпішті ауылындағы кәріздік құю стансасының құрылысында кезекті кездесу өтті.