Ашық бюджеттер

Ашық бюджеттер

Портал мемлекеттегі «бюджеттік жоспарлау» ұғымы туралы азаматтардың түсінігін жеңілдету және бюджеттік қаражатты жұмсауды қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық позицияны дамытуды ынталандыру мақсатында құрастырылған.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ашық бюджеттер порталында жыл сайын келесі ақпарат жарияланады:

 - бюджеттік есептілік;

- шоғырландырылған қаржылық есептілік;

- мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпарат;

- бюджеттік бағдарламалардың жобалары.

Сонымен бірге халық портал арқылы бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, өткен қаржы жылы үшін бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы есептерін талқылай алады.

Бұқаралық талқылау азаматтар мен үкіметтің өзара әрекеттестігін халықтың бюджеттік қаражатты бөлу барысында белсенді қатысуы арқылы арттыруға бағытталған. Азаматтар өз ұсыныстарын, бюджеттік бағдарламалар/бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы есептер жобаларына қатысты комментарийлерді жіберуге құқылы. Мұндай ұсыныстар мемлекеттік органдарға мұндай ұсыныстарды ары қарай жұмысында есепке алуға арналған.