2017 жылы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы қызмет туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

2017 жылы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы қызмет туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі - «ҰИМТ» АЭА) жұмыс істегеннен бастап инвестициялардың жалпы көлемі 185,7 млрд. теңге,  оның ішінде 2017 жылы – 6,7 млрд. теңгені құрады. Жалпы 1244 жұмыс орын құрылды, оның ішінде 2017 жылы – 794 (құрылыс кезеңінде – 739). Салықтық аударымдардың көлемі 20 млрд. теңге, оның ішінде 2017 жылы – 940 млн. теңгені құрады.

Мемлекет тарапынан инвестицияларды тарту мақсатында АЭА инфрақұрылымын салуды қаржыландыру, сондай-ақ жобаларды ұзақ мерзімді негізде шикізатпен қамтамасыз ету, салықтық және кедендік жеңілдіктер беру, жобалау мен салу кезінде халықаралық нормаларды тікелей қолдануға рұқсат беру, және де шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімін жеңілду сияқты мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп келеді.

Анықтама:

«ҰИМТ» АЭА 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2032 жылдың 31 желтоқсанына дейін құрылды.

Қазіргі уақытта «ҰИМТ»  АЭА аумағында екі ірі жоба жүзеге асырылуда: олар қуаттылығы 310 МВт болатын газтурбиналық электрстанцияның құрылысы (бұдан әрі - ГТЭС) («Karabatan Utility Solutions» ЖШС) мен қуаттылығы жылына 500 мың тонна болатын полипропилен өндірісіннің («KPI Inc.» ЖШС) құрылысы, сондай-ақ полимер өнімдерін өндіру бойынша жобасы іске асырылған («Polymer Production» ЖШС).

ГТЭС жобасы бойынша негізгі технологиялық қондырғылардың монтажы іске асырылды (4 дана қуаттылығы 50 МВт газтурбиналық қондырғы, 2 дана қуаттылығы 55 МВт бутурбиналық қондырғы , 4 дана жойғыш қазандықтар), бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба іске асырылғаннан бастап құрылған жұмыс орындарының саны 831 адамды құрайды.

Анықтама:

2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша АЭА I-ші кезектегі инфрақұрылымының дайындығы 31,5 % құрайды.

Инфрақұрылымның келесі объектілері салынған: Зауыттық теміржол стансасы, кірме темір жолы (15,6 км), Қарабатан теміржол стансасын кеңейту, айналма автомобиль жолы бар жол өтпесі, кірме автомобиль жолы (5,3 км) және электр өткізу желісі.

Полимерлік өнімдер өндірісі бойынша пайдалануға берілген зауыт (2015 жылдың соңында) 2017 жылы жалпы сомасы 1,8 млрд. теңге құрайтын биаксальдық-бағдарланған полипропилен қабықша, үшқабатты полиэтилен қабықша мен полипропилендік қаптар өндірді. Қызметкерлердің саны 296 адамды құрайды.

Полипропилен өндірісі бойынша жоба белсенді фазада тұр, атап айтқанда, бас мердігердің жобалық тобы жұмылдырылды, егжей-тегжейлі инжиниринг басталды. Тапсырысты орындау үшін ұзақ мерзімді әзірленетін жабдықтардың тізімін анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. 2018 жылдың екінші жартысында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.

Анықтама:

Жобаға өтініш беруші «KPI Inc.» ЖШС («KPI Inc.» ЖШС қатысушылары «Біріккен химиялық компаниясы» ЖШС-сы табылады («Самұрық-Қазына» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы).

Полипропилен өндірісі бойынша жобаның құны 2,6 млрд. АҚШ долларды құрайды.

Жұмыс орнын құру: құрылыс кезеңінде - 3000 адам, пайдалануға берілгеннен соң - 500 адам.

Бұдан басқа, «ҰИМТ» АЭА аумағында параксилолды полиэтилентерефталатқа  (қуаттылығы жылына 430 мың тоннаға дейін) және бензолды циклогексанға (қуаттылығы жылына 150 мың тоннаға дейін) одан әрі қарай өңдейтін жобаларды іске асыру мүмкіндігі зерттелуде.

Полиэтилентерефталат өндірісінің жобасы бойынша жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, қазір жобаны бірлесіп жүзеге асыруға стратегиялық әріптес іздестірілуде.

Циклогексан өндірісі бойынша жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жүргізілуде.

 Осылайша, «ҰИМТ» АЭА аумағындағы көмірсутек шикізатын тереңдетіп өңдеу бойынша жоғарыда аталған жобаларды іске асыру мұнай-газ химиялық кластерді құрудың негізі болып табылады.

Өз кезегінде кластерлік қарым-қатынас жоғары қосылған құнды тізбектерді ұзарту арқылы жаңа өндірістерді құруға мүмкіндік береді.

Мұнай-газ химия өнеркәсібінің дамуы экономиканың басқа салаларында мультипликативті көрініс табады.

Мұнайгаз-химияға инвестициялаған әрбір доллар 2-3 долларға өсімді қамтамасыз етеді және әрбір жаңа жұмыс орны экономикада 7 жаңа жұмыс орнын құруға ықпал етеді.