Ашық Диалог

Ашық Диалог

Ашық Диалог – халық пен мемлекет арасында диалогты жүргізуге арналған ашық алаң және қашықтық, кезек, міндетті шарттарға сәйкестік туралы білмеу секілді барьерлерді жоюға көмектеседі.

Порталдың негізіг мақсаты – мемлекеттік органдар қызметіне азаматтарды тарту. Пайдаланушылар өтінішті тікелей бере алады және нақты мемлекеттік органына немесе жергілікті әкімдікке ұсыныстарды жібере алады, ұялы байланыс сапасы туралы хабарлай алады, әлеуметтік маңызы бар сауалнамаларға қатыса алады. Портал үш негізгі сервистен тұрады:

МО бірінші басшыларының блог-платформасы

Интернет-конференциялар

Сауалнамалар

Тұрақты негізде ҚР Энергетика министрдің блог-платформасы жұмыс істейді: https://dialog.egov.kz/blogs/32779/welcome.

2017 жылы Ашық Үкіметтің «Ашық диалог» порталында келесі тақырыптар бойынша интернет-конференцияларды өткізді:

1. ҚР Экологиялық кодексіне енгізілген өзгерістер;

2. экология саласындағы мемлекеттік қызметтер;

3. электр энергетика саласындағы жаңалықтар (100 қадам);

4. үш МӨЗ жаңарту барысы туралы;

5. өндірушілердің (импортерлердің) кеңейтілген міндеттемелері туралы;

6. Қазақстанда Энергияның жаңартпалы көздерін дамыту.

7. Қазақстанның зияткерлік энергия жүйесін құру (Смарт Грид);

8. халықаралық жасыл технологиялар орталығын құру;

9. жер қойнауын пайдалану саласын дамытуды уәждемелеу;

10. жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) мен сұйытылған мұнай газына баға.

Министрлік «Ашық диалог» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер бойынша 10 сауалнаманы өткізді (https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/list?govAgency=9):

1. Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметін жүзеге асыруға лицензия алу;

2. І санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын алу;

3. І санат объектілері үшін экологиялық рұқсаттар беру;

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензияларды беру;

5. ҚР Энергетика министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша қызметалушыларға арналған сауалнама.

Министрліктің келесі мемлекеттік қызметтері бойынша сауалнамаларды өткізу жоспарлануда:

6. Газ-желілік ұйымдар аккредитациясы;

7. Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай- химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия беру;

8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарға және қызметтер көрсетуге лицензия алу;

9. Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметін жүзеге асыруға лицензия алу;

10. Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру.