
Еуразиялық экономикалық комиссиясы (бұдан әрі – ЕЭК) кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАЭО 045/2017 ТР) (бұдан әрі – техникалық регламент) қабылданды, ол 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Техникалық регламент ЕЭК Кеңесінің 2014 жылғы 1 қазанындағы № 79 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу және Кеден одағының техникалық регламенттеріне өзгерістерді енгізу жоспарына сәйкес әзірленген.
Техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) аумағында тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың (бұдан әрі - мұнай) қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оның Одақ аймағында еркін өткізуді қамтамасыз ету үшін мұнайды таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Техникалық регламент айналымға шығарылатын және Одақ аумағындағы айналымдағы мұнайға таратылады, техникалық регламент Одақтың кеден аумағынан тыс жерге экспортталатын, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілетін, мемлекеттік материалдық резервтің сақталуын қамтамасыз ететін ұйымдарда сақталатын, сондай-ақ дайындаушымен (өндірушімен) тек өздерінің қажеттіліктері үшін пайдаланатын мұнайға қолданылмайды.
Айналымға шығарылатын және Одақ аумағындағы айналымдағы мұнай, физика-химиялық көрсеткіштері бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болуға тиісті.
Мұнайдың техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау паспортты рәсімдеумен сынау түрінде жүргізіледі.
Мұнай Одақ нарығындағы өнімдер айналымы бірыңғай белгімен таңбаланады, ол паспортында жазылады.
Мұнайдың техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде сынақ әдістері техникалық регламенттің талаптарын пайдалану мен орындау үшін және мұнай сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдістері және ережелері, соның ішінде үлгілерді іріктеу ережелері бар халықаралық және аймақтық (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізіміне енгізілетін стандарттарда белгіленеді.
Техникалық регламенттің мәтінімен ЕЭК-ның ресми сайтында http://www.eurasiancommission.org/ru/act/texnreg/deptexreg/tr/Pages/TR_EAEU_045.aspx сілтеме бойынша танысуға болады.
Сондай-ақ, ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 6 наурыздағы шешімімен техникалық регламентінің өтпелі ережелері қабылданды. Аталмыш өтпелі ережелердің мәтінімен ЕЭК-ның ресми сайтында https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/0143505/clcd_07032018_36 сілтеме бойынша танысуға болады.