Алғаш рет автоматтандырылған цифрлық форматта

Алғаш рет автоматтандырылған цифрлық форматта
I және II санаттағы объектілердің операторлары өндірістік экологиялық бақылауды (бұдан әрі – ӨЭК) Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 182-бабына сәйкес жүзеге асыруға, сондай-ақ ӨЭК нәтижелері бойынша кезеңдік есептерді қалыптастыруға және ұсынуға міндетті. Осыған байланысты, уәкілетті орган осы есептерді электрондық-цифрлық форматта (Қағидаларда көзделгендей) қабылдау үшін "Бірыңғай экологиялық Портал" әзірледі. Қазір аталған Портал пилоттық режимде пайдаланылуда және бүгінгі күні оған 300-ден астам есеп келіп түсті.
ӨЭК бағдарламасының орындалуы туралы есептер тоқсан сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың бірінші күніне дейін ұсынылады.
Онлайн форматтың бірқатар маңызды артықшылықтары бар екенін атап өткен жөн. Есептіліктің мұндай нысаны эмиссиялар бойынша талдамалық деректердің жиынтығын, өндірістік экологиялық бақылаудың барлық ұсынылатын есептері бойынша статистиканы және кәсіпорындардың эмиссиялар нормативтерінің сақталуын онлайн бақылауды жұртшылық үшін қол жетімді етуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, деректерді қағазда ұсынуды жою сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды және есептерді қарау рәсімін барынша ашық етеді.
Қазірдің өзінде кәсіпорындардан "бірыңғай экологиялық портал" әзірлеушілерінің атына оң пікірлер келіп түсуде. Басшылық пен мамандар есептерді толтыру процесінде техникалық қиындықтардың жоқтығына, уақытты үнемдеуге және электрондық сервистермен жұмыс істеудің жаңа дағдыларын үйрену мүмкіндігіне алғыс білдіреді.