Халық тарапынан келіп түкен шағымдар негізінде NCOC компаниясына елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасын зерттеу тапсырылды.

Халық тарапынан келіп түкен шағымдар негізінде NCOC компаниясына елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасын зерттеу тапсырылды.

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов "North Caspian Operating Company (NCOC)" компаниясы өкілдерімен кеңес өткізді.

Талқылаудың тақырыбы қоршаған ортаға тиетін әсерді азайту мәселесі болды. Мысалы, соңғы уақытта Атырау қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекен тұрғындарынан өңірдің атмосфералық ауа сапасының нашарлауына жиі  шағымдар мен өтініштер келіп түсті. Комитет компаниядан ластаушы заттардың ШРК артқанын көрсеткен ауа сапасын бақылау станцияларынан алынған деректерге кешенді зерттеу жүргізуді талап етті.

"North Caspian Operating Company (NCOC)" компаниясы өкілдері табиғат пайдалану шарттарын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар және қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы айтты. Бұдан бөлек, компания 2022 жылдың соңына дейін сарқынды суларды тазарту жөніндегі жаңа қондырғыны іске қосады, ол қайталама су айналымын 70% - ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

  Іс-шара соңында компания жақын арада эмиссияларды төмендету жөніндегі стратегиялық жоспарды, ұсынылатын іс-шаралардың тиімділігін бақылау жөніндегі жоспарды, көгалдандыру жөніндегі жобаны, халықаралық тәжірибені ескере отырып, ластаушы заттар шығарындылары көздеріне мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу жөніндегі жол картасын ұсынуы тиіс деген шешім қабылданды.

Сондай-ақ, комитет NCOC көздерінің ықтимал әсерін анықтау мақсатында жақын маңдағы елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасын зерттеуді жалғастыруды тапсырды. Бұл шаралар, ең алдымен, қоршаған ортаны жақсартудағы кәсіпорын жұмысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.