төртінші Орталық Азия конференциясының отырысы

төртінші Орталық Азия конференциясының отырысы

2021 жылғы 27 шілдеде Душанбе қаласында Климаттың өзгеруі мәселелері бойынша төртінші Орталық Азия конференциясының отырысы өткен болатын.

Іс-шарада Қазақстан тарапынан ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев баяндама жасап, елдің климаттық саясатын жақсарту, жасыл технологияларды енгізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті, сондай-ақ Арал өңірінің экологиялық проблемаларын кешенді шешу мәселелеріне тоқталды.

Министр бұл бағыттағы мәселені тиімді шешу мақсатында Қазақстанда орналасқан климат бойынша Орталық Азияның өңірлік хабын құруды ұсынды, оның қызметі жобаларды іске асыру, технологиялар трансферті және білім алмасу арқылы өңірдегі «жасыл желектердің» өсуін реттеуге бағытталады.

Сол күні Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында тәжірибе алмасу аясында Қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейні суларының сапасы мәселелері бойынша семинар өтті.

Осы іс-шараға Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов қатысты.

Семинар барысында сарапшылар Қазақстан-Өзбекстан бірлескен жұмыс тобының Сырдария өзені бассейнінің қоршаған ортаны қорғау және су сапасы мәселелері жөніндегі жұмысы туралы ақпарат беріп, келісілген мониторинг жүргізу және өзен суы сапасының деректерімен алмасу, сондай-ақ су сапасының жай-күйіне теріс әсер ететін көздер бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Біздің тарапымыздан 2000-2021 жылдар кезеңіндегі ағын көлемінің өзгеру үрдісі, сондай-ақ Сырдария өзені ағынының 2040 жылға дейінгі өзгеріс болжамы ұсынылған.

Өткізілген іс-шараның нәтижесімен халықаралық ұйымдардың платформасына орналастыру үшін Сырдария өзені суының сапасы бойынша бірлескен мониторингтің деректер базасын құру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықтың озық тәжірибесін енгізу бойынша халықаралық донорларды тарту мүмкіндіктерін қарастыру, сондай-ақ семинарда алынған тәжірибені негізге ала отырып, Сырдария өзені суының сапасы бойынша бірлескен жұмыс тобына қосылу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Ұсынылған шешу жолдарын өзбек тарапы қолдағанын атап өту қажет.

Тәжірибе алмасу кез-келген қызмет саласын дамыту құралдарының бірі болып табылады және әдетте тиімді болып саналады. Климаттық жағдайлар мәселесіндегі бірлескен жұмыс оны сәтті жүзеге асыруда маңызды сегмент, сондықтан, екі мемлекеттің тәжірибе алмасуы оң нәтиже береді деп үміттенеміз.