Бүгінгі таңда Шымкент қаласында құрылыс материалдарын өндірумен айналысатын 47 карьер бар. Нәтижесінде қазаншұңқырлар мен шұңқырлар қалпына келтірусіз қалуда. Экологиялық талаптар бұзылуда.
Бұл мәселені шешу үшін Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті қала әкімдігімен бірлесіп аталған карьерлердің иелеріне оларды қалпына келтіруді мәжбүрлеу туралы талап қою арызын жолдады.
Сотпен талап қою арыздар толық қанағаттандырылды. Сот органының шешімімен барлық қатысы бар заңды тұлғалар өндіру орындарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге міндеттенді. Қазіргі уақытта келесі заңды тұлғаларға тиісті міндеттемелер жүктелді: "Хаджи-к" ЖШС, "Шымкент тас" ЖШС, "Кумыс-Тас" ЖШС, "Алди-СО" ЖШС, "С-Аспандияр" ЖШС, "Бритекс-Лайн" ЖШС, "КазПромКирпич" ЖШС және "Оңтүстік құрылыс сервис"ЖШС. Өз кезегінде, "Хаджи-К" және "Шымкент тас" ЖШС тарапынан бірқатар қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
"Кумыс Тас" ЖШС-де Тассай-II кен орнында кезең-кезеңмен жою жобасы әзірленді. Алдымен аршылған жыныстарды карьерге тегістеу және төсеу, содан кейін топырақтың құнарлы қабатын бекітіп, қауіпсіз қалдықтарды төсеу.
Осылайша, екі үлкен проблема шешілетінін атап өткен жөн, яғни карьерлерді қалпына келтіру және қауіпті емес инертті, әдетте құрылыс қалдықтарын пайдалану мәселесі.
Қазір Шымкент қаласының аумағында Түркістан облысының әкімдігімен мерзімінен бұрын тоқтатылған жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша комиссиялар құрылды.