ҚОӘБ хаттамасын қарау бойынша жұмыс тобының отырысы

ҚОӘБ хаттамасын қарау бойынша жұмыс тобының отырысы

12-13 сәуірде қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы (бұдан әрі - ҚОӘБ) қарау бойынша кеңес өтті. Іс-шара барысында жұмыс тобының жиналысына қатысқан ҚР Парламентінің депутаттары ҚОӘБ хаттамасын іске асырудың тиімділігі мәселесін көтерді.

Осы хаттама бүгінде Қазақстан жұртшылығының Каспий маңы елдерінде шешімдер қабылдау процесіне кеңінен қатысуын көздейді.

Оның ынтымақтастық аясында қолданылуы ең алдымен табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны үнемді және ұқыпты пайдалануға ықпал етеді, соның арқасында тұрақты экономикалық өсу мен саяси тұрақтылық негізі қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, ҚОӘБ хаттамасын іске асыру Каспий теңізінің пайдаланылатын ресурстарын сақтауға қатысты трансшекаралық ынтымақтастыққа ықпал етеді. Бұл құжат қақтығыстардың алдын алуға ықпал етеді, елдегі жүйелер мен олардың тиімділігін арттырады.

Трансшекаралық контексте қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімі жаңа экологиялық Кодекстің 80-бабында да көзделгенін атап өту маңызды.

Анықтама: Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі хаттамаға 2018 жылғы 20 шілдеде Мәскеуде Каспий маңы мемлекеттері: Әзербайжан республикасы, Иран, Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Түрікменстан қол қойды. Хаттаманың негізгі бағыттары: ҚОӘБ рәсіміне жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз ету, теңіз ортасы мен құрлықтың ластануын болдырмау, азайту және бақылау болып табылады. Сондай-ақ, биологиялық әртүрлілікті сақтау және теңіз ортасының табиғи ресурстарын үнемді пайдалану.