Каспий зардап шекпейді

Каспий зардап шекпейді

Жақында әлеуметтік желілерде "Министрліктердің табиғатқа жаны ашымайды" атты мақала жарияланды, онда экологтар мұнай өндіру үшін Каспийді тереңдету туралы айтты. Бұл мақалада экоәлеуметтанушылар, Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (бұдан әрі – НКОК Н.В.) мұнай өндіру компаниясымен Каспий түбін тереңдету теңіз флорасы мен фаунасына теріс әсер етіп, тіпті экологиялық апатқа әкеп соқтырады деп пайымдайды. Бірқатар қоғам өкілдерінің мұндай қорқыныштары түсінікті, бірақ бәрі бірдей категориялық және біркелкі емес. Бұл мәселеге құзыретті, кәсіби және теңгерімді көзқарас қажет.

2020 жылғы 21 қыркүйекте Атырау облысының әкімдігі экологиялық заңнама талаптарына сәйкес «Қашаған кен орнын жайластыру. Теңіз кешені. Теңіз кеме қатынасы каналдары» жобасына «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасы бойынша шектеусіз режимде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырды. Жоба экологиялық қоғамдастықтың тікелей қатысуымен кеңінен талқыланды.

Аталған тыңдаулар «Жайық-Каспий Орхус орталығы» үкіметтік емес ұйымының басшысы Шынар Ізтілеуованың (бұдан әрі – ЖК ОО) төрағалығымен өтті. Іс-шараға «Атамекен Эко» ҚБ директоры Арман Хайруллинді қоса алғанда, 120-дан астам адам қатысты. Барлық айтылған ұсыныстар ескерілді, жобаға енгізілген ескертулер хаттамаланды.

Аталған жоба кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу үшін Атырау облысы бойынша экология департаментіне  2020 жылдың қараша айында түсті.

Өткен жылдың соңында НКОК Н.В. жобасы бойынша Департаментпен сараптамалық кеңес өткізілді, оның қорытындысы бойынша шешім алу үшін бірқатар ескертулер жіберілді. Оларды жойғаннан кейін 2021 жылғы ақпанда Департаментке жоғарыда көрсетілген жоба қайта келіп түсті және 2021 жылғы 25 наурызда қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатпен бір мезгілде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берілді.

2020 жылғы 21 желтоқсанда экология департаменті экологиялық сараптама барысында сарапшылар кеңесін шақырды, оған тәуелсіз сарапшылар кірді, қоғамдық экологиялық ұсынымдар ұсынылды. Осы кеңесте барлық ескертулер мен ұсыныстар талқыланды, атап айтқанда: балық қорлары, жануарлар мен өсімдіктер әлемі, топырақты қазып алудың және ауыстырудың баламалы нұсқалары, су қорғау аймақтары және ең бастысы, осы жобаның қауіпсіздік мәселелері.

Барлық ескертулер жойылғаннан кейін және қоршаған ортаға әсерді сақтау және азайту бойынша ұсыныстар енгізілгеннен кейін оң қорытынды берілді.

Теңіз каналын салуға бөлінген теңіз учаскесі фондық мониторинг және әсер ету мониторингі бойынша есептілікке сәйкес құстардың ұя салатын және бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын аймақтарынан тыс орналасқанын атап өткен жөн.

Канал салу процесінде балық ресурстарына сөзсіз зиян келтіруіне келетін болсақ, жоспарланған жұмыстарды жүргізу кезінде жобада теңіз экожүйесін сақтау және қоршаған ортаға әсерді азайту үшін экологиялық шаралардың максималды кешені қарастырылғаны құжатталған.

Теңіз каналдары су қорғау аймағынан 17 километр қашықтықта жүргізіледі, ал теңіз каналын орналастыру мен салудың таңдап алынған нұсқасы, сондай-ақ бұрылу бассейндері басқа да қарастырылған баламалы ұсыныстардың арасында ең қауіпсіз және экологиялық қолайлы нұсқа болып табылады.

Жоғарыда аталған жобаны іске асыру қажеттілігі теңіз деңгейінің болжамды ауытқуларына байланысты. Сондықтан төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау жолдарын міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, кемелердің аралдарға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жақындату арналарын салу қажет.

«Шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесі» бойынша есептелген залалды өтеу жөніндегі барлық жауапкершілікті  компания өзіне алады

Бұл «Балық шаруашылығы ҒӨО" ЖШС-нің, сондай-ақ «Қашаған кен орны объектілерін жайластыру. Теңіз кешені. Теңіз кеме қатынасы каналдары". жобасына балық шаруашылығы саласындағы ихтиолог маманның қоса берілген сараптамалық қорытындыларымен расталады.

Техникалық тапсырмаға сәйкес түбін тереңдету жұмыстары орындалады және түбін тереңдету және топырақ үйінділерін жасау процесінде жоғары лайлылықтың пайда болуын азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданады. Ол үшін «cooking pot» технологиясы бойынша батырылатын диффузорларды қолдану көзделген.

Нәтижесінде, аталған жоба тиісті құзыретті органдармен бірнеше Комитеттің хаттарымен келісілді, олардың ішінде: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары, Жер ресурстарын басқару комитеті, сондай-ақ республиканың экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті. НКОК Н.В. кәсіпорны өз кезегінде құзыретті органдардың тұрақты бақылауында болатын жобаның келісілген мерзімінде барлық жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттеме берді.