Атырау экологтары "Теңізшевройл" ЖШС-нен жалпы сомасы 726 млн. теңгеден астам шығын өндіріп алды

Атырау экологтары "Теңізшевройл" ЖШС-нен жалпы сомасы 726 млн. теңгеден астам шығын өндіріп алды

Атырау облысы бойынша экология департаменті "Теңізшевройл" ЖШС-не қатысты профилактикалық бақылау және экологиялық заңнаманың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.

"Теңізшевройл" ЖШС тарапынан қоршаған ортаға ластауыш заттар шығарындылары түрінде, оның ішінде газды алау қондырғыларында жағу салдарынан нормативтен тыс эмиссиялар жүзеге асырылғаны анықталды.

Нәтижесінде, ЖШС-ға 145 млн.теңгеден астам сомаға келтірілген залалды өтеу, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу туралы нұсқамалар ұсынылды. Алайда "Теңізшевройл" ЖШС тарапынан жоғарыда көрсетілген ұйғарымдар ерікті түрде орындалған жоқ.

Осыған байланысты департамент Нұр-сұлтан қаласының сотына "Теңізшевройл"ЖШС-дан мемлекет кірісіне залал сомасын өндіріп алу туралы өтініш білдірді.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының 2020 жылғы 21 қазандағы және 2 қарашадағы шешімдерімен Департаменттің "Теңізшевройл" ЖШС-ға талап арыздары қанағаттандырылды.

Бірінші сатыдағы сотпен келіспеген жауапкер нұсқамалар мен сот актілерінің күшін жою туралы апелляциялық шағым берді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы іс материалдарын зерделеп, "Теңізшевройл"ЖШС-нің апелляциялық шағымын қанағаттандырудан бас тартты.

Сот шешімдері заңды күшіне енді.

Департамент "Теңізшевройл" ЖШС-дан мемлекет кірісіне жалпы сомасы 726 млн.теңгеден астам залалды өндіріп алды.