Атырау облысында экологтар сот тәртібімен топырақты мұнай өнімдерінен тазартуға қол жеткізді

Атырау облысында экологтар сот тәртібімен топырақты мұнай өнімдерінен тазартуға қол жеткізді

Атырау облысы ең ластанған аймақтардың бірі болып табылады. Өйткені, дәл осы жерде мұнай өндіріледі және өңделеді.

Шамамен 15 жыл бұрын, 2006 жылы мұнай өнімдерін құюға цистерналарды кешенді дайындауды жүргізген Ақжайық жуу-булау станциясының қызметі тоқтатылды.

Оған "Ақжайық Батыс-2006" ЖШС-нің станцияны қала сыртына көшіру жөніндегі шешімінің орындалмауы себеп болды.

Кейіннен, ЖБС орналасқан жер учаскесі "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ - "Атырау бөлімшесі МК" меншігіне өтті.

2019 жылы экология департаменті осы кәсіпорынның филиалына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде 2006 жылдан бастап металл ыдыстарда сақталған мұнаймен топырақ жамылғысының ластануы анықталды. Нәтижесінде, жер бетінде айтарлықтай мөлшердегі мұнай дақтары пайда болды.

Экология департаменті кәсіпорынға топырақ жамылғысының ластану салдарын жою туралы ұйғарым шығарды. Мерзімдердің өтуіне байланысты және экологиялық мәселе жойылмағандықтан, департамент сотқа жүгінді. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырау облысының экономикалық соты филиалға экологтардың ұйғарымын мәжбүрлі түрде орындауды міндеттеді.

Қазіргі уақытта, "Ақжайық" ЖБС аумағында ластанудың салдарын жою бойынша жұмыстар аяқталды. Сонымен қатар, ғимаратты бөлшектеу жұмыстары жалғасады.

 

ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

Баспасөз қызметі