Ақсу ферроқорытпа зауытына тексеріс жүргізіліп - бірқатар бұзушылықтар анықталды

Ақсу ферроқорытпа зауытына тексеріс жүргізіліп - бірқатар бұзушылықтар анықталды

Павлодар облысы бойынша экология департаменті Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау мақсатында Ақсу ферроқорытпа зауытына – "Қазхром "ТҰК" АҚ филиалына тексеріс жүргізді.

Оның нәтижелері бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды:

* Техногендік минералдық түзілімдерді өз бетінше алу жүзеге асырылып, нәтижесінде топырақтың жоғарғы қабаты мен өсімдіктердің тұтастығы бұзылды.

* Зауыт аумағында қож (өндіріс қалдығы) рұқсатсыз орналастырылған.

* Көміртегі оксиді бойынша балқыту пешінде шекті рұқсат берілетін шығарындылар нормативтерінің асып кетуі тіркелді.

* Кейбір балқыту пештерінде тазарту қондырғылары жоқ.

Анықталған фактілер бойынша бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығарылды.

Сонымен қатар, Департамент Ақсу қаласының полиция бөлімімен бірлесіп, кінәлі жеке тұлғаны анықтады, ол ҚР ӘҚБтК – нің 139-бабының 1-бөлігі бойынша 50 АЕК (жер қойнауын заңсыз пайдалану) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, қоршаған ортаға келтірілген 814 мың теңгеден астам залалды өтеу туралы ұйғарым шығарылды.

Бүгінгі күні кәсіпорын осы ұйғарымдар бойынша келесі жұмыстарды орындады:

* Жер учаскесін қалпына келтіру жүргізілді.

* Қож түріндегі қалдықтар орналастыру үшін арнайы тағайындалған орынға – қож үйіндісіне шығарылды.

* Кәсіпорын жобалық құжаттаманы әзірлеуді және газ тазалау жабдығын монтаждауды жоспарлап отыр.

* Таяудағы 10 жылда кәсіпорын барлық балқыту цехтарында тазарту құрылыстарын жабдықтауға және пайдалануға беруге міндеттенеді, бұл атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді.

Орындалған іс-шаралардың қорытындысы бойынша, Экология департаменті бақылау өлшеулері көміртегі тотығының артуын көрсеткен жоқ.