Тағы бір рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды

Тағы бір рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды

Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау және жою жұмыстарын жалғастыруда.

 

📍 Кезекті қоқыс орны сорғы станциясының артындағы дала аумағында, әуежайдан шамамен 1 км қашықтықта анықталды.

 

✔️ Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде аумақ тазартылып, шамамен 100 тонна қалдық шығарылды.

 

📊 Геопортал мәліметіне сәйкес, облыста барлығы 500 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталған. Бүгінде оның 482-сі жойылды. Бұл — 96%.

 

«Таза Қазақстан» аясында аумақтарды тазарту жұмыстары жалғасуда.

 

Таза аумақ — ортақ жауапкершіліктің нәтижесі.