
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Атырау қаласындағы атмосфералық ауаның сапасына қатысты Атырау облысы бойынша Экология департаменті тарапынан жоспардан тыс тексерудің басталғаны
туралы хабарлайды.
✔️Тексеру іс-шараларын аяқтау нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес инспекторлық ден қою шаралары қабылданатын болады.
🔺Жағдай министрліктің бақылауында.
Жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.