Экология министрлігі Ақмола облысының Жол картасы жобасын ұсынды.

Экология министрлігі Ақмола облысының Жол картасы жобасын ұсынды.

Экология министрлігі Ақмола облысының Жол картасы жобасын ұсынды.

2020 жылғы 19 қарашада Министрлік Ақмола облысының экологиялық мәселелерін шешу жөніндегі Жол картасын өңірдің жұртшылығымен талқылады.

«Қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша нақты деректерді ескере отырып, Ақмола облысы бүгінгі күні республиканың экологиялық қолайлы өңірлеріне жатады. Сонымен қатар, өңірде шешуді талап ететін бірқатар экологиялық мәселелер бар» - деп, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов атап өтті.

Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Г.К. Әбдіқалықов сөз сөйлеп, өңірдегі экологиялық жағдай және оларды шешу жөніндегі шаралар туралы атап өтті.

Комитет төрағасы Зулфухар Сансызбайұлы 17 іс-шараны қамтитын Жол картасының жобасын ұсынды. Олардың ішінде өңірді газдандыру арқылы жеке сектордың эмиссиясын төмендету, Көкшетау, Щучинск және басқа қалаларда қоқыс сұрыптау желісі бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу, қоқыстарды жою іс-шаралары. Сондай-ақ, жобада жаңартылатын энергия көздеріне ерекше назар аударылған. Көкшетау қаласында және Ерейментау ауданында жел электр станцияларын және Целиноград ауданында күн электр станцияларын салу жоспарланған. Жобаға сондай-ақ, көгалдандыру және сарқынды суларды басқару жөніндегі іс-шаралар кіреді.

Зулфухар Жолдасов жергілікті Департаментке жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін назарға алып, Жол картасын екі апта ішінде бекітуді тапсырды.