Жол картасы жобасы Түркістан облысы мен Шымкент қаласының жұртышылығына жария етілді

Жол картасы жобасы Түркістан облысы мен Шымкент қаласының жұртышылығына жария етілді

Жол картасы жобасы Түркістан облысы мен Шымкент қаласының жұртышылығына жария етілді

Қарашаның 5-де экология Министірлігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласының жұртышылығымен өңірдің экологиясын талқылау үшін онлайн-кездесуін жүргізді.

«Түркістан облысында Сұзақ ауданындағы Қызылкөл көлінің су деңгейінің азаюына байланысты экологиялық мәселе алаңдатады. Біз аумақтың экологиясы аса өзекті және ең алдымен ауаның ластануымен байланысты екенін білеміз», - деп айтты экологиялық реттеу мен бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов. Сонымен қатар, ол Шымкент қаласының тұрақты экологиялық жағдайын атап өтті.

Экологиялық ахуал мен қабылданатын шаралар туралы Шымкент қаласының табиғат қорларын басқару мен табиғат пайдалануды реттеудің басшысы Ахмеут Татыбаев толығырақ баяндады. Ол аумақтағы табиғат пайдаланушылардың саны мен жұмыс көлемін, жұртышылыққа ауаның экологиялық жағдайы туралы Казгидромет пен AirKZ мобилді қосымша арқылы хабарлауын, қала мен аумақты көгалдандыру жұмыстарын және қоғамдық көліктің жаңа қозғалыс бағдарларын енгізуін атап өтті.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Жетпісбаев аумақтың қарқынды түрде дамушы өнеркәсібін және ауыл шаруашылығын атап бағалады. Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсарту үшін қаланың сырты ағаш көшеттерімен отырғызылды. Әкім орынбасары соған қоса тұрмыстық қатты қалдықтарды облыс кәсіпорындарында өңдеу туралы сөз қозғады.

Түркістан облысы мен Шымкенттегі экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жол картасы жобаларында көмір пайдаланатын кәсіпорындарды жаңарту, жеке меншік секторын газбен жабдықтау, автокөліктерден шығатын ластайтын заттардың деңгейін төмендету, аумақтарды көгалдандыру, жаңа жол айырықтарын салу, күресін жерлерін жою туралы жазылған. Соған қоса, Шымкент қаласының жобасына су қорын реттеу мен жер қорын қорғау, қаланың ірі өнеркәсіптердің ластайтын заттардың шығарылуын қадағалауын автоматтандыру кірді.

          Зулфухар Жолдасов жергілікті экология департаменттеріне жұртшылықты Жол картасы жобалары жайынды мәлімдеуді тапсырды.