Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі Жол картасының жобасы халыққа таныстырылды

Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі Жол картасының жобасы халыққа таныстырылды

Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі Жол картасының жобасы халыққа таныстырылды

Министрлік 4 қарашада  Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен өңірдің экологиясын талқылау үшін онлайн-кездесу өткізді.

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов: "Облыста пайдаланылған уран кен орындарының болуы, Петропавлда қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын пайдалану мерзімінің шектелуі туралы, ауылдарда кәріз құрылыстарының тозуы, Петропавл қаласында ауаның күкіртсутегімен ластануы сияқты проблемалар шешуді талап ететіндігі туралы", -  атап өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Иван Турков экологиялық жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы толығырақ айтып берді: "Қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету және желдету, шаң мен газ тазарту технологияларын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, табиғатты қорғау іс-шараларын енгізе отырып эмиссиялар кезең-кезеңімен төмендетіледі".

Комитет төрағасы 15 тармақтан тұратын облыстың экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі Жол картасының жобасын ұсынды. Оған жел электр станциясын орнату, орман алаңын ұлғайту, қатты тұрмыстық қалдықтардың жаңа полигондарын салу, тазарту құрылыстарын жаңғырту, уран кен орындарының кеніштерін консервациялау сияқты негізгі іс-шаралар кіреді. Жұртшылықтың пікірін ескере отырып, Жол картасы екі апта ішінде пысықталып, бекітілетін болады.

Зулфухар Жолдасов жергілікті экология департаментіне тоқсан сайын халықпен Жол картасының орындалған іс-шаралары туралы есеп беру кездесуін өткізуді тапсырды.

Алдағы екі күн ішінде Түркістан және Ақмола облыстары мен Шымкент қаласының жұртшылығымен осындай кездесулер өткізіледі.

Бүгінгі күні, қоғам белсенді және экологиялық жағдайға алаңдаулы. Сондықтан, бұл кездесу Жол картасы жобасын талқылау үшін жақсы алаңға айналды.