«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының Қазақстан филиалында жоспардан тыс тексеру нәтижелері

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының Қазақстан филиалында жоспардан тыс тексеру нәтижелері

Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының Қазақстан филиалында шамадан тыс шығарындыларға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде 2024 жылы компания ластаушы заттардың шамадан тыс шығарындыларына және ағынды сулардың төгілуіне жол бергені анықталды.

Осы қорытындылар негізінде компания Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 2,07 миллиард теңгені құрады. Айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі аяқталған жоқ.

Сонымен қатар, департамент шамадан тыс шығарындылар мен төгінділердің себептерін талдау, сондай-ақ болашақта осындай бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу және енгізу туралы бұйрық шығарды.