
Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері ірі қалаларда ғана емес, аудандық елді мекендерде де өзекті экологиялық мәселелердің бірі болып отыр. Олардың пайда болуы қалдықтарды басқару жүйесінің жеткіліксіз дамуына, жекелеген жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылаудың әлсіздігіне, сондай-ақ экологиялық мәдениеттің төмен деңгейіне байланысты.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қалдықтарды орналастырудың рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау және оларды жою бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Осы бағыттағы негізгі құралдардың бірі ретінде 2024 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен енгізілген ғарыштық бақылау мен «Таза Қазақстан» республикалық акциясын атап өтуге болады.
2025 жылы республика аумағында барлығы 3 828 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталып, олардың 94 пайызы жойылды. Жою бойынша ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Сонымен қатар Астана және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстары толық көлемде жүзеге асырылды.
Ұлытау, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою деңгейі жеткіліксіз екені байқалады, бұл өз кезегінде жергілікті атқарушы органдардың жұмысты күшейтуы қажет екен көрсетеді.
Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділер санының төмендеуі бойынша оң динамикасы қалыптасты. Мысалы, 2020 жылы 8 800-ден астам қоқыс үйінділері анықталып, оларды жою деңгейі 66 пайызды құраса, 2024 жылы қоқыс үйінділері саны 4 886-ға дейін азайып, жою деңгейі 93 пайызға жетті. Ал 2025 жылы 3 828 қоқыс үйінділері анықталып, жою деңгейі 94 пайызға жетті. Экология және табиғи ресурстар министрлігі жергілікті атқарушы органдардың және «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның жүйелі әрі үйлесімді жұмысының нәтижесі жүзеге асырылды.
2018 жылы ғарыштық бақылау жүйесі небәрі 16 елді мекенді ғана қамтыса, 2024 жылы қамту аймағы кеңейіп, 46 елді мекен қамтылды. Бақылауға республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, ірі елді мекендер, сонымен қатар «Баянауыл» және «Бурабай» сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтар енгізілді.
Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында 2024 жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қатаңдатылып, айыппұл мөлшері құқық бұзушылық жасау кезінде пайдаланылған көлік құралдары мен өзге де заттарды тәркілеу мүмкіндігімен 200 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды. Бұл шаралар қалдықтарды заңсыз орналастырудың жүйелі түрде алдын алуға және санитариялық тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жоюға және олардың алдын алуға бағытталған іс-шарлардың бірі «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық жобасы аясында жүзеге асырылуда. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, экологиялық қызметтердің, бизнес өкілдерінің және азаматтардың санитариялық тәртіпті қамтамасыз ету, тазалықты сақтау әрі қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды үйлестіруге және олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
2025 жылы «Таза Қазақстан» бастамасы аясында шамамен 7 миллион адамның қатысуымен 1 294 экологиялық іс-шара өткізілді. Акцияның қорытындысы бойынша 1 миллион гектардан астам аумақ тазартылып, 844 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 3 миллионға жуық ағаш отырғызылды.
Бастаманың маңызды элементтерінің бірі – цифрлық қоғамдық бақылау тетіктерін енгізу болды. 2024 жылдың маусым айынан бастап министрлік @TazaQazBot чат-бот бағдарламасын іске қосты, ол азаматтарға елді мекендерді абаттандыру және санитарлық жағдайы бойынша өтінімдер беру кезегінде қарапайым және қолжетімді құралына айналды. Негізгінен аумақтарды жинау, қоқыстарды шығару, жол жөндеу және көшелерді абаттандыру бағыты өтінімдер бағдарламаға жиі түсуде.
«Таза Қазақстан» бастамасының кешенді тәсілі профилактикалық іс-шараларды, цифрлық бақылау құралдарын, ағартушылық жұмыстар мен жауапкершілікті бірегей түрде біріктіреді. Бұл тәсіл тек салдарды жоюға ғана емес, сонымен қатар экологиялық проблемалардың түпкі себептерін тиімді азайтуға мүмкіндік береді.