
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында және жастар арасында экологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының экология департаменттері 2025 жылдың қазан айында өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының студенттері үшін өндірістік нысандарға танысу экскурсияларын ұйымдастырды.
Экскурсия барысында студенттер заманауи өндіріс технологияларымен және қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі шараларымен танысуға мүмкіндік алды.
Экскурсиялар келесі нысандарда өткізілді:
Іс-шараларға барлығы 122 студент қатысып, өндірістік циклдар, қоршаған ортаны бақылау жүйелері және қоршаған ортаға әсерді азайту шаралары туралы білді.
Бұл экскурсиялар жастардың экологиялық көзқарасын қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға қызығушылықты арттыруға, оқу орындары мен өнеркәсіп секторы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі.