4 қазан күні "Таза Қазақстан"бастамасы аясында кезекті республикалық экологиялық сенбілік өткізілді

4 қазан күні "Таза Қазақстан"бастамасы аясында кезекті республикалық экологиялық сенбілік өткізілді

Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Таза Қазақстан" бастамасы аясында республикалық сенбілік өтті.

Акцияға мемлекеттік органдардың қызметкерлері, студенттер мен еріктілер белсенді қосылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша:

  • қатысушылардың жалпы саны 206 мың адамды құрады;
  • оның ішінде 19 мың ерікті;
  • 4,8 мың тонна қоқыс жиналды;
  • 12,5 мың гектар аумақ тазартылды;
  • 8,3 мың ағаш отырғызылды.

Сенбіліктерді өткізу экологиялық жағдайды жақсартуға, азаматтық жауапкершілікті дамытуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

"Таза Қазақстан" бастамасы аясындағы ауқымды экологиялық акциялар азаматтардың, еріктілер мен мемлекеттік органдардың Қазақстан табиғатының тазалығы мен денсаулығын сақтау ісіндегі күш-жігерін біріктіре отырып, одан әрі жалғасатын болады.