27 қыркүйекте Қазақстан өңірлерінде жағалау аймақтары мен су айдындарының тазалығын сақтауға бағытталған «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті.
Сенбілікке 220 мың азамат, оның ішінде үкімет өкілдері, студенттер мен еріктілер қатысты. Бұл кең ауқымды қатысу біздің ел тұрғындарының қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және табиғаттың болашағына қамқорлық жасауға дайын екенін көрсетті.
Акция барысында өзен және су қоймаларының жағалаулары тазартылды. Қатысушылар 4,2 мың тонна қалдық жинап, шығарды, осылайша олардың суға түсуіне және қоршаған ортаға зиян келтіруіне жол бермеді.
Сенбілікпен қатар көгалдандыру жұмыстары да жүргізілді. Экожүйені сақтауға негіз болатын 2,3 мың ағаштар мен бұталар отырғызылды.
Науқан нәтижесінде:
«Таза жағалау» акциясы экологиялық сананы қалыптастыруға және қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасының бір бөлігі болып табылады.
Әрбір қатысушыға Қазақстанның табиғи ортасының тазалығы мен денсаулығына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз! Бірге біз көп нәрсені жасай аламыз.