«Таза Қазақстан» бастамасы аясында экология департаменттері заңсыз үйінділерді жоюға арналған пресс-турлар топтамасын ұйымдастырды.
Заңсыз үйінділерді жою – таза және қауіпсіз ортаны құру жолындағы маңызды қадам. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамның назарын қалдықтарды заңсыз шығару мәселесіне аудару және табиғатқа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өту.
Баспасөз турлары барысында экология департаменттерінің өкілдері әкімдіктер және полиция департаменттерімен бірлесе отырып, журналистермен кездесіп, үйінділерді жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
2025 жылы:
2025 жылдың 10 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне заңсыз үйінділер жасағаны үшін жазаны күшейтетін түзетулер енгізілді. Бұл енді бірнеше рет тәртіп бұзу кезінде пайдаланылған көліктер мен басқа да заттарды тәркілеуді қарастырады.
Мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерінің арқасында Қазақстан таза әрі экологиялық таза болады деп сенеміз.