Автоматтандырылған бақылау жүйесі: Қазақстанның экологиялық саясатының жаңа кезеңі

Автоматтандырылған бақылау жүйесі: Қазақстанның экологиялық саясатының жаңа кезеңі

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 418-бабы 16-тармағының талаптарына сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген I санаттағы кәсіпорындар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап эмиссиялардың автоматтандырылған бақылау жүйелерін (АБЖ) орнатуға міндетті.

Сандық бақылау орталығы ретінде ұлттық мәліметтер базасы

2023 жылдан бастап Қазақстанда деректерді жинақтауға, сақтауға, жүйелеуге және интеграциялауға арналған "ҚР Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі (ҚР ҚО мен ТРЖ ҰДБ) жұмыс істейді. Жүйе қоршаған ортаны бақылаудың мемлекеттік жүйесінің барлық қатысушылары арасында ақпаратпен автоматтандырылған алмасуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ "Бірыңғай терезе" қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін ақпаратқа қолжетімділікті ашады.

Ағымдағы енгізу нәтижелері

Бүгінгі таңда АБЖ 91-ден 77 кәсіпорында (85%) орнатылды, бұл ретте ҚР ҚО мен ТРЖ ҰДБ-ға 71 кәсіпорын қосылды. Сонымен қатар, еліміздің сегіз өңіріндегі 14 коммуналдық және энергетикалық кәсіпорын қаржы қаражатының болмауына байланысты жүйелерді әлі енгізген жоқ. Мұндай кәсіпорындар үшін әкімдіктер экологиялық төлемдер есебінен АБЖ орнатуды қаржыландыруды көздейтін жол карталарын әзірледі.

Маңызды жетістік - бұл нақты уақыттағы АБЖ деректері ҚР ҚО мен ТРЖ ҰДБ-ға жіберіледі, бұл бұзушылықтарды жедел тіркеуге ғана емес, сонымен қатар экологиялық ақпараттың сенімділігі мен ашықтығын едәуір арттырады

Кәсіпорындардың жауапкершілігі

2024 жылдан бастап экология Министрлігі АБЖ орнату бөлігінде Кодекс талаптарын бұзғаны үшін инспекторлық шараларды қолдана бастады. 36 кәсіпорынға қатысты 17,3 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды және бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Қазіргі уақытта Министрлік әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізуді ұсынды, олар қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде қаралуда. Түзетулер автоматтандырылған жүйе арқылы жауапқа тарту мүмкіндігін көздейді, бұл адам факторының әсерін болдырмауға, қателіктер ықтималдығын азайтуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелерін енгізу және Ұлттық деректер банкін құру Қазақстанның жаңа экологиялық саясатының маңызды элементтеріне айналды. Бұл шаралар ашықтықты, жедел бақылауды қамтамасыз етуге және кәсіпорындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған, бұл, сайып келгенде, қоршаған орта сапасы мен азаматтардың денсаулығын жақсартуға ықпал етуі тиіс.