Атырау облысы экология департаментінің «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясына берген нұсқамасына қатысты сот шешімі бойынша

Атырау облысы экология департаментінің «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясына берген нұсқамасына қатысты сот шешімі бойынша

Атырау облысы экология департаментінің «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясына берген нұсқамасына қатысты сот шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі келесіні хабарлайды.

Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы оны шығару кезінде жіберілген рәсімдік бұзушылықтар себебінен Департаменттің нұсқамасының күшін жойды.

Министрлік: бұл шешім компанияны экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды. Сот Департаменттің қорытындыларының негізділігін қарастырмады және бағаламады. Керісінше, сот Департаментке соттың құқықтық ұстанымын ескере отырып, әкімшілік процедураны аяқтау міндетін жүктеді.

Қазіргі уақытта Департамент сот белгілеген іс жүргізу кемшіліктерін жойып жатыр.

ҚР ӘРПК нормаларына сәйкес Экология департаментінде барлық кезеңдерде сот шешімдеріне шағымдану құқығы қалады.

Министрлік алдын алу қағидатын, орнықты даму қағидатын және "ластаушы төлейді" қағидатын қоса алғанда, экологиялық заңнамада көзделген қағидаттарға сәйкес әрекет етуді жалғастырады және заңда көзделген барлық шараларды бұзушыларды жауапкершілікке тарту және табиғатты қорғау нормаларын сақтау үшін пайдаланады.