Ұлытау өңіріне жұмыс сапары

Ұлытау өңіріне жұмыс сапары

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Төрағасы Ерболат Қожықов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарымен бірге Ұлытау өңірінде жұмыс сапарымен болды. Сапар аясында бірқатар маңызды нысандарды аралады, соның ішінде Сәтбаев қаласындағы қазандық тазалау құрылыстарын жаңғырту жұмыстарының барысымен танысу, сондай-ақ Жезқазған жылу электр орталығы мен су және жылумен жабдықтау кәсіпорындарының нысандарын аралау болды. Іссапар соңында Комитет төрағасы облыс әкімдігінде өткен тұрақты комиссия отырысында сөз сөйлеп, өзекті экологиялық мәселелерді айтып, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы түсіндірме берді.