2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бақылау-тексеру іс-шараларының қорытындылары

2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бақылау-тексеру іс-шараларының қорытындылары

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің аумақтық экология департаменттері табиғатты қорғау заңнамасының сақталуына 511 тексеру жүргізді. Бақылау профилактикалық қадағалау нысанында да, жоспардан тыс және кешенді іс-шаралар шеңберінде де жүргізілді.

Тексерулер нәтижесінде 1551 бұзушылықтар анықталып, оларды жою туралы 844 ұйғарым шығарылды. Ал 1414 әкімшілік айыппұлдар жалпы сомасы 17,1 млрд.теңгеге салынып, бүгінгі күнге оның 2,4 млрд.теңгесі өндірілді.

Мысалы, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының Қазақстандағы филиалына қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 739,6 миллион теңге айыппұл салынып, өндірілді.

Павлодар облысында «ТНК «Қазхром» АҚ 854,9 миллион теңгеден астам айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қоршаған ортаны қорғау департаменттерінің экологиялық инспекциясы мемлекеттік экологиялық бақылауды күшейту жұмыстарын жалғастыруда.