2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен бірлесіп рұқсат етілмеген полигондарға ғарыштық мониторинг жүргізуде. Әкімдіктермен және құқық қорғау органдарымен жүйелі жұмыстың арқасында тұрақты оң үрдіс байқалды.
2020 жылы 8884 полигон анықталды (66% жойылды),
- 2021 жылы – 7328 (92%),
- 2022 жылы – 5683 (77%),
- 2024 жылы – 4886 (93%).
Бүгінгі таңда 1060 полигон тіркелді, оның 274-і (25%) жойылды.
Деректер KazEOSat-1 спутнигі, сондай-ақ шетелдік WorldView және GeoEye құрылғылары арқылы жиналады және геосервисте жарияланады.
2025 жылы рұқсат етілмеген полигондарды жою бойынша жеткіліксіз жұмыс үшін 60 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл сомасы 10,5 млн.теңгені құрады.
2025 жылғы қаңтардан бастап қалдықтарды өз бетінше орналастыру үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске күшейтілген жауапкершілікті көздейтін түзетулер күшіне енді, оның ішінде: қайталап бұзушылықтар болған жағдайда, полигондарды қалыптастыру кезінде пайдаланылған көлік пен техниканы тәркілеуге болады.