Павлодар облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қаулысымен "Қазхром "ТҰК" АҚ-ға қатысты ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарынды үшін әкімшілік іс қозғалды.
2025 жылдың 1 тоқсанында "Қазхром "ТҰК" АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытының РОК-2 қазандығында атмосфераға шығарындыларды рұқсат етілген нормалардан 663,67 тонна көлемінде асып кетуі тіркелді, бұл экологиялық заңнаманы өз кезегінде бұзу фактісі болып табылады.
Аталған, заң бұзушылық бойынша Павлодар облысының экология департаменті 854 млн.теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданды. Айыппұл мемлекет кірісіне толық көлемде өндірілді.