Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбдуәлиев Санкт-Петербургте өткен ХІ Невский халықаралық экологиялық конгресіне қатысты.
Іс-шара аясында ол «Каспий: болашақтағы ынтымақтастық» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысты, сонымен қатар «Жер қойнауын пайдалану және экология: жаһандық сын-қатерлер және теңгерімді сақтау» сессиясында баяндама жасады.
Баяндамашы өз сөзінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан экологиялық реформаға тоқталып, 2021 жылы жаңа Экологиялық кодекстің қабылдануымен еліміздің жер қойнауын пайдалануды реттеуге деген көзқарасы айтарлықтай өзгергенін баса айтты. Жаңа кодекс профилактикалық шараларға және ең жақсы қолжетімді технологияларды (БАТ) енгізуге бағытталған.
Жаңа ережелердің арқасында Қазақстанда тиімді экономикалық ынталандыру механизмі енгізілді: БАТ енгізетін кәсіпорындар шығарындылар үшін алымдардан босатылды, ал басқалары үшін тарифтер біртіндеп өсіп келеді. Бұл экологиялық жаңғыртуды бизнес үшін тиімді етеді.
Кодекс талаптарына сәйкес 2025 жылға қарай бірінші санаттағы барлық жаңа ірі кәсіпорындар кешенді экологиялық рұқсаттарға көшуі, ал жұмыс істеп тұрғандары 10 жыл ішінде экологиялық тиімділік бағдарламаларын жүзеге асыруы тиіс.
Конгресске қатысу Қазақстанның экологиялық реформалардағы тәжірибесімен бөлісу және табиғи ресурстарды тұрақты басқарудағы халықаралық ынтымақтастық жолдарын талқылау мүмкіндігі болды.