Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
05 июня 2019
ҚР Энергетика министрлігінде экологтардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиналыс өтті

2019 жылдың 5 маусымында ҚР Энергетика министрлігінде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, экология саласындағы қоғамдық ұйымдар, министрліктің орталық аппаратының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ «Таза болса табиғат – Аман болар адамзат» атты Республикалық балалар суреті конкурсының жеңімпаздары қатысты.
Министр Қанат Бозымбаев құттықтау сөзінде: «Ағымдағы жылы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні ауаның ластануын төмендетуге арналып отыр. Бұл проблема біздің еліміз үшін өте өзекті. Министрлік ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру мақсатында ҚР Экологиялық кодексінің жаңа редакциясын әзірлеп жатыр. Жаңа редакцияда табиғат пайдаланушыға экологияға қаржы салу, ластауыш заттардың эмиссияларын азайту, табиғат қорғау шараларына инвестиция құю экономикалық жағынан тиімдірек болатын талаптар қарастырылады. Бұл, бір жағынан жаза қолдану және айыппұл салудан алыстап, аталған шараларды тек қана соңғы шара ретінде қолдануға алып келеді», - деп айтып өтті.

Өз кезегінде, экологиялық заңнаманы өзектендіру баламалы, «таза» энергия саласындағы прогресті жүзеге асыруды, «жасыл» технологияларды инвестициялауды, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып, қатты-тұрмыстық қалдықтарды қазіргі заманғы кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді көздейді.

Сондай-ақ, ведомство басшысы өз мәлімдемесінде Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамасында белгіленген қалдықтарды басқару саласындағы Қазақстанның саясаты қайталама шикізаттан өнімді ала отырып, қалдықтарды өңдеу секторын дамытуға бағытталғанын атап өтті.
Сонымен қатар, стихиялық қоқыстарды жою, өңдеу және алдын алу мақсатында Министрлік «ҚазақстанҒарышСапары» ҰК» АҚ-пен бірлесе отырып қалдықтарды орналастыру орындарын ғарыштық мониторингті ретке келтірді.
Экологтар күнін мерекелеу аясында Министрлік «Мусор.NET – көшеттерге жол» атты акциясына бастамашылық жасады және өткізді. Оның мақсаты неғұрлым ластанған аумақты тазалау және тазартылған жерлерге ағаштар отырғызу болып табылады. Бұл бастамада Министрлікті ҮЕҰ-лар, жергілікті атқарушы органдар мен экология департаменттері қолдады және бүкіл Қазақстан бойынша осыған ұқсас акциялар өткізді.
Ведомство басшысы экология саласының дамуына үлес қосқан үздік қызметкерлерді, сондай-ақ Қазақстанның 17 өңірінен келген балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында өткізілген Республикалық балалар суреті конкурсының жеңімпаздарын ведомстволық наградалармен және грамоталармен салтанатты түрде марапаттады.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

30 мая 2019
5-маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған Жастар Экологиялық форумының Экология және орман шаруашылығы жоғарғы колледжі базасында өткізу жөніндегі баспасөз хабарламасы

Ақмола облысы бойынша экология департаменті РММ Щучье қаласындағы экология және орман шаруашылығы жоғарғы колледжі базасында 2019 жылдың 29-мамыр күні Жастар Экологиялық форумын өткізді. 

Осы іс-шараға Ақмола облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасын, Ақмола облысының табиғатты қорғау полициясы, «Казгидромет» ШЖҚ МКК Ақмола облысы бойынша филиалының, ҚР АШМ ОШ және ЖДК Ақмола облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі басқармасының, Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері қатысты. Сондай-ақ аталған форумға Экология және орман шаруашылығы жоғарғы колледжінің педагогика ұжымы мен студенттері қатысты. 
Форумның басты бөлігінде Ақмола облысы бойынша экология департаментінің басшысы А. Нурсеитовтің, Ақмола облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы, Ақмола облысының табиғатты қорғау полициясы, «Казгидромет» ШЖҚ МКК Ақмола облысы бойынша филиалының, Ақмола облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өкілдерінің сөйлеген сөздері тыңдалды. 
Сөйлеген тақырыптары өңірдегі шұғыл экологиялық проблемаларды шешу және мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы өзара қарым-қатынас туралы болды.
Осы іс-шара аясында экология саласындағы бірлескен еңбегі үшін мемлекеттік органдар басшылары мен жоғарғы экология колледжі басшылығының Алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өткізілді.
Форумның ресми бөлімі Колледж студенттерінің музыкалық нөмірлерімен аяқталды.
Форум барысында сондай-ақ студенттердің өз қолдарымен жасалған жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды және колледждің оқу аудиторияларына саяхаттар жасалды. 
Форумның екінші бейресми бөлігі колледждің іргелес аумағында жалғасты - экологиялық сенбілік өткізілді.

 
 
 

 

29 мая 2019
«Украинада, Беларусьта, Қазақстанда және Арменияда ОБЗ мен ООЛ кәдеге жаратуды келісілген басқарудың өңірлік таныстыру жобасы» ЮНИДО-ЖЭҚ Жобасына қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы хабарландыру

«Украинада, Беларусьта, Қазақстанда және Арменияда озонды бұзатын заттар (ОБЗ) мен орнықты органикалық ластағыштарды (ООЛ) кәдеге жаратуды келісілген басқарудың өңірлік таныстыру жобасы» ЮНИДО-ЖЭҚ Жобасына қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – Өтінім) жеткізуге қажетті уақытты ескере отырып, Өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі 2019 жылғы 3 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-ге дейін ауыстырылады

23 мая 2019
Қазақстандағы ең нәтижелі мемлекеттік бағдарламалар анықталды. #Жолдау2019

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Стратегиялық бастамалар орталығы (CSI) елімізде жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламалар рейтингін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Зерттеу аясында халықтың мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтерге және елде қабылданып жатқан шаралардың нәтижелігіне қанағаттану деңгейі бағаланды. Осы мақсатта статистикалық және сауалнама мәліметтерінің көмегімен 10 мемлекеттік бағдарламаға 10 балдық шкаламен баға берілді: 1. Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы; 2.  Кәсіпкерлікті қолдаудың «Бизнес жол картасы -2020» бағдарламасы; 3.  Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы; 4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; 5.  Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы; 6.  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы; 7. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; 8. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы; 9. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы; 10. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы. «Талдаудың жалпы қорытындысы негізінде ең нәтижелі мемлекеттік бағдарламалар қатарына «Тілдеді дамыту мен қолдану» бағдарламасы (7,5), «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» (7,3) және «Денсаулық» бағдарламасы (7,3) енді. Ал нәтижесі аз бағдарламалар ретінде сауалнама қатысушылары «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасын» (6,1), «Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын» (6,1) «Өңірлерді дамыту бағдарламасын» (6,0) және «Бизнес жол картасын» (4,6) атаған. Төмен баға алып отырған мемлекеттік бағдарламалар - жаңа өндірістердің ашылуына, жаңа жұмыс орындарын құруға, және жалпы халықтың тұрмыс жағдайын арттыруға сеп болатын бағдарламалар екені ойландыратын жайт», - деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі. Жалпы алғанда, халық мемлекеттік бағдарламалардың әсері мен нәтижесіне төмен баға берген. Айта кетейік, сауалнамаға еліміздің барлық өңірінен 3000-нан астам респондент қатысқан. Респондентер облыс немесе қала тұрғындарының санына теңестіріліп іріктелді. Яғни, Алматы, Түркістан облыстары және Алматы қаласының респонденттер саны басқа өңірлерден көбірек. Бұған дейін Бақыт индексі бойынша Қазақстан өңірлерінің бірінші рейтингі жарияланған болатын. Нәтижесінде Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және Ақмола облысы тұрғындары анағұрлым бақыттырақ екені анықталды.


https://www.inform.kz

23 мая 2019
Примкулов Ахметжан Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасы АЗАМАТТАРҒА НҚА ЖОБАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУ СҰРАҚ-ЖАУАП ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР Пресс-релиз азаматтардың өтініштерін қарау сапасы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, Мемлекеттік қызметшілердің этиканы сақтауы мәселелері бойынша селекторлық кеңес

2019 жылғы 21 мамырда Экологиялық реттеу және бақылау комитеті ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Д. И. Иминовтың, комитеттің және аумақтық экология департаменттерінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен селекторлық кеңес өткізді.

Күн тәртібінде екі сұрақ қойылды:

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және уақытылы қарау;

- Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалары мен тәртіп ережелерін сақтау.

Бірінші мәселе бойынша ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Д. И. Иминов баяндама жасады.

Дильмурат Ильшатұлы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заң нормаларын, сондай-ақ "жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарын қарау сапасы"бағыты бойынша Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін түсіндірді.

Екінші мәселе бойынша Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл З. С. Жолдасов баяндама жасады.

Зулфухар Сансызбайұлы өз баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылы 21 мамырда мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен өткен кеңесте қойған 7 міндетті мүлтіксіз орындау қажеттігін атап өтті:

  1. Азаматтардың құқықтарын қорғау;
  2. Мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестікті нығайту (қазақстандықтарды құқықтық оқыту жөніндегі жұмысты күшейту, ерте жастан бастап азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін үйрету);
  3. Қоғамдық бақылауды күшейту (мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға үкіметтік емес ұйымдарды тарту);
  4. Бюджеттік саясаттың транспаренттілігін арттыру (мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және бюджет қаражатын пайдалану үшін мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен есептілігін күшейту);
  5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі өңірлердің рөлін арттыру (Елбасының бастамасымен "сыбайлас жемқорлықтан азат өңірлер" жобасын тиімді іске асыру маңызды мәнге ие»);
    1. Мемлекеттік қызмет көрсету саласын жедел цифрландыру;
    2. Мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру және бизнеске әкімшілік қысымды төмендету.

Сонымен қатар, ол экология департаменттері басшыларының жас, жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру іс-шараларын жүргізуінің маңыздылығын атап өтті.

Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде З. С. Жолдасов мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық нормаларын түсіндірді: адам құқықтарын құрметтеу, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық сақтау, заңдылық қағидасын сақтау, әдептілік көрсету және мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру.

Кеңес қорытындысы бойынша аумақтық экология департаменттеріне хаттамалық тапсырма берілді:

  1. 1.                Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы қарауды қамтамасыз ету. Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзуға жол бермеу. Өтініштерді бастапқы қарау кезінде оларды шешу сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау.
  2. 2.                Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша аумақтық экология департаменттерінің лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды қамтамасыз ету.

Бірінші басшылардың назарын аударту және жеке жауапкершілік туралы ескерту.

 

16 мая 2019
АЭФ алғашқы күні: Жаһандық экономика өсімін арттыру үшін ақырын жүріп, анық басу қажет. #Жолдау2019

ҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада XII Астана экономикалық форумының  бірінші күні аяқталды. Әлемнің 74 елінен 5 мыңнан астам делегат қатысып жатқан жаһандық форум бұл жолы «Ынталандырушы өсу, адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбын арқау етіп алған. Халықаралық шараның жалпы отырысына арнайы қатысып делегаттар алдында сөз сөйлеген ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумының өңірлік және жаһандық сын-қатерлерге төтеп беру үдерісіндегі маңызды рөлін атап өтті.

"Алдыңғы жылдары осы жерде талқыланған ұсыныстар мен идеялар Қазақстанға жаһандық сын-қатерлерді уақтылы ескеріп, қиындықтарды табысты еңсеруге мүмкіндік берді. Дамудың қазақстандық моделі қалыптасқан жағдайлар мен болжамдарға қарамастан өзінің тұрақтылығы мен тиімділігін дәлелдегенін білесіздер. Біз өршіл мақсаттар қойып, соларға қол жеткізе алдық", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы жаһандық экономикадағы соңғы өзгерістер туралы пікірін ортаға салып, мемлекетаралық диалогты жақсарту үшін бірқатар идея ұсынды. Сонымен қатар әлемдік экономиканы дамыту, цифрландыру, білім беру үдерістерінің трансформациясы, адам капиталына қойылатын талаптардың күшеюі, сондай-ақ урбанизация перспективалары сияқты мәселелерге тоқталды. "Экономикалық жоспарлаудың көкжиегі тарылып келе жатқанын білесіздер. Күрделі жағдайлардан шығу жолдарын Біріккен Ұлттар ұйымы, G-20, Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар мен форумдар аясында табуға болады. Бірлесе талқылау мен басқаруға көшетін кез келді. Таяуда Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» ІІ форумында мен «Үш Д» жаңа геосаяси ахуалы негізінде тұрақты жаһандық архитектураны қалыптастыруды ұсындым. Бұл дегеніміз - үш деңгейде диалог орнату", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.   Елбасы бір қарағанда әлемдегі экономикалық даму тұрақты сияқты көрінгенімен құлдырау бар екендігін айтты. "Бірақ, оның тасасында іргелі, күрт әрі теңсіздік тұр. Әлемдік экономикалық өсім қарқыны болжанған 3,9 пайыздан 3,6 пайызға  дейін төмендеді. Халықаралық валюта қоры 2019 жылы мұнан да үлкен қысқарудың болатындығын, 3,3 пайызға дейін төмендейтіндігін болжап отыр. Сондықтан ел дамуының жаңа жолдарын іздеуде мемлекеттер жұмыс істеп тұрған нарықтар үшін күресті күшейтуге мәжбүр. Бұл ретте бәсекелестіктің нарықтық емес әдістерін де қолданып жатады», - деді Елбасы. ҚР Тұңғыш Президентінің бұл деректерін Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард да қолдап, өткен жылмен  салыстырғанда жаһандық экономика өсімінің баялап тұрғандығын, болжамды  3,6 пайызға қарағанда 0,3 тармаққа төмен екендігін алға тартты. «Экономикалық даму бағытында біртіндеп қарқын алу керек. Бұл ретте қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Ақырын жүріп, анық бас» деп жазып кеткен өлең жолдары ойға келеді. Сондықтан бүгінгі форумда осы идеяға айрықша екпін қоймақпын, яғни әрбір қадамды сенімді түрде жасауымыз керек. Өкінішке қарай, әлемдік өсімге қараған кезде, адамдардың көбісінің әрекеттерінде даму қарқыны байқалмайды. Олар сол баяғы баяу сарында жылжып келеді», - деді Кристин Лагард.   Ал Армения Президенті Армен Саркисян прогрессивті дамуға қатысты ойымен бөлісті. «Алғашқы локомотивтердің бірі адами капитал саналады. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, әлемдегі ең ірі 5 компания минералды ресурстар өндірмейтіндігі белгілі.  Бұл компаниялар HighTech пен ІТ-технологиялар, сонымен қатар жасанды интеллект саласында жұмыс істейді. Мұндай түрленудің бірнеше факторы бар. Оның бірі - адами капитал, шығармашылық адамдары. Екінші фактор - төртінші индустриалдық революция. Біз жылдам революция эволюциясына енген сияқтымыз. Бұл өзгерістер 30 жылдан кейін емес, күн сайын орын алады. Біз оған дайын болуымыз қажет», - деді ол. Айта кетерлігі, биылғы форум бұрын-соңды болмаған ауқымда өтіп жатыр. Екі күн ішінде 50-ден астам іс-шаралар өткізіледі. Бұл АЭФ-тың 12 жылдық тарихындағы рекордтық көрсеткіш саналады. Аталған шараларды әлемнің 30 елінен тіркелген 710 бұқаралық ақпарат өкілдері жаһанға таратуда. 11 жыл ішінде Астана экономикалық форумы (АЭФ) әлемдік экономика мен қаржы жүйесін жетілдіру және дамыту мәселелерін талқылауға арналған ең беделді халықаралық платформалардың бірі ретінде мәртебеге ие болды. Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегаттар, оның ішінде 20-дан аса Нобель сыйлығының лауреаттары және 30 жоғары дәрежелі шетелдік саяси қайраткерлері қатысты. Конгресс аясында 20 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға 300-ден астам меморандумдар мен келісімдер жасалды.

https://www.inform.kz

 

 
 
 
16 мая 2019
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтамақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының жетінші отырысы

2019 жылғы 14-15 мамыр аралығында Бейжің қаласында (ҚХР) Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі Сәбит Нұрлыбайдың және Қытай Халық Республикасының Экология және қоршаған орта министрінің орынбасары Чжао Инминь төрағалығымен Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтамақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының жетінші отырысы өтті.

Отырыс ашық және сенімді атмосферада өтті. 
Отырыс Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтері арасындағы трансшекаралық өзендердің су сапасын қорғау туралы 2011 жылғы 22 ақпандағы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 2011 жылғы 13 маусымдағы келісімдерді іске асыру шеңберінде өткізілді.
Отырысқа екі елдің мүдделі министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысты. 
Отырыс барысында тараптар келесі негізгі мәселелерді талқылады:
- Қара Ертіс, Іле, Текес, Қорғас, Емел трансшекаралық өзендері су сапасының мониторингі бойынша гидрохимиялық деректерді тоқсан сайынғы салыстырмалы талдау нәтижелері туралы;
- Трансшекаралық өзендердің ластануының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы;
- Трансшекаралық өзендерде қоршаған ортаға әсер ететін төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат беру жөніндегі есеп туралы;
- Трансшекаралық өзендерде төтенше экологиялық жағдайлар туындаған кезде өзара қолдау нысаны бойынша мәселелерді талқылау туралы;
- Ынтымақтастықтың жаңа салаларын енгізу туралы. 
Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды, сондай-ақ Комиссияның 2019-2020 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Сонымен қатар, тараптар Комиссиясының келесі отырысын 2020 жылы Қазақстан Республикасында өткізуге келісті.

15 мая 2019
Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылдың 14 мамырында сағат 16: 20-да Орталық коммуникациялар қызметінде 2018-2019 жылу маусымының аяқталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

СПИКЕР: Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Сунгат Есімханов. 

БАҚ өкілдерін аккредиттеу және қызығушылық танытқан басқа да мәселелер бойынша байланыс тел. +7 (7172) 55-93-38 немесе электрондық пошта бойынша sck.astana@gmail.com 2019 жылдың 14 мамырында сағат 15: 00-ге дейін. https://ortcom.kz/…/2018-2019-zhzh-kzgi-ysy-zhylytu-mausymy…

 
 
 
15 мая 2019
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2018 жылғы 20 маусым сағат 15-00-де Нұр-Сұлтан қ., Д. Қонаев даңғылы, 4 «Қазмедиа орталығы» ғимаратының Киноконцерттік залында Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді.

Кездесу «Bnews.kz» ақпараттық порталында онлайн-трансляция режимінде таратылады.
Өңірлердегі тұрғындар үшін кездесуге тікелей қосылу арқылы Энергетика министрінің есебін облыстардың және Алматы мен Шымкент қалалары әкімдіктерінің ғимаратында тыңдауға болады. 
Кездесуге қатысуға ниет білдірген тұрғындар тиісті облыстың және Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдіктеріне жүгіне алады.
Отын-энергетикалық кешенді дамыту тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету, энергиямен жабдықтау сапасы, әрі қарай газдандыру мәселелерін, мұнай өнімдерінің, сұйытылған мұнай газының нарықтарын дамыту, экология және қоршаған орта сапасының мәселелерін қамтиды.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысып, Энергетика министріне жеке сұрақ қоюға шақырамыз. 
Онлайн-режимде сұрақ қойып, жауабын алу үшін Энергетика министрлігінің ресми сайтында «Энергетика министрінің халыққа есеп беру кездесуі форумы» (http://www.energo.gov.kz) және «электрондық үкіметтің» веб-порталы (http://egov.kz) іске қосылды.
Толық ақпарат алу және ұсыныстар беру үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға: 8(7172) 786958, 786884, 786887, 786886 немесе мына электрондық мекенжайларға: u.akhmetova@energo.gov.kz, e.ermekuly@energo.gov.kz жазуға болады.

14 мая 2019
Елбасы «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығына барды

Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Орталықтың «жасыл» экономиканы дамыту және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарының негізгі бағыттары туралы мәлімделді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жел, күн, су және геотермальды ресурстардың әлеуеті, қатты тұрмыстық қалдықтар мен биомасса полигондарының орналасуы туралы ақпаратты қамтитын цифрлық алаңның үлгісі таныстырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Елбасы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласына озық технология енгізу және осы салаға инвесторлар тарту мәселелеріне баса мән берді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, сондай-ақ, қазақстандық жоғары оқу орындарының жаңартылатын энергия көздері саласындағы перспективті әзірлемелерімен танысты.

«Жасыл» технологиялардың және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Астана – ЭКСПО-2017» көрмесінің инфрақұрылымы негізінде 2018 жылғы сәуір айында құрылды.


IGTIC Баспасөз қызметі 
E-mail: igtickz@gmail.com
Байланыс телефондары:
Жамиля Нашекен +7701 7411007
Марат Мухамедсалиев +7776 9994099

Социальные сети
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Facebook-тегі ресми беті
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты