Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Мемлекеттік экологиялық бақылау
03 июля 2021
АСМ кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыру тетігі ретінде

Ағымдағы жылдың екінші шілдесінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу мәселесі бойынша онлайн кеңес өтті.

Іс-шара Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің және Инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібін цифрлық дамыту министрі Бағдат Мусиннің төрағалығымен өтті, сондай-ақ республиканың ірі табиғат пайдаланушылары мен тау-кен, мұнай-газ, энергетика және бірінші санаттағы басқа да салалардың өкілдері қатысты.

2021 жылдың екінші жартыжылдығының басталуы Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінің қабылдануымен белгіленеді, оның маңызды реформаларының бірі I санаттағы объектілер бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу болып табылады.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін бұл міндеттемелер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Басқаша айтқанда, металлургия, цемент, мұнай-газ және басқа да өнеркәсіп кәсіпорындары өз шығарындыларын үздіксіз тіркеп, онлайн режимінде мемлекеттік органдарға беруге міндетті.

Кеңесте сөз сөйлеген Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов АСМ енгізу кәсіпорындар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың жауапкершілік деңгейін арттыратынын атап өтті.

Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі 4 негізгі ластаушы зат бойынша жылына 500 тоннадан асатын шығарындылар көздерінде болады. Осылайша, барлық шығарындылардың 75% - ы онлайн бақылаумен қамтылады.

Іс-шарада сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау ақпараттық талдау орталығының бас директоры Жанат Самат баяндама жасап, ақпараттық порталдың құрылғанын, онда қабылданатын есептер, санаттылықты растау, рұқсаттар беру және т. б. цифрландырылатынын атап өтті.

Іс-шара соңында ҚР ЦДИАӨМ электрондық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры Жәнібек Мұхамеджанов өзінің отандық өндірушілері туралы мәлімет берді.

Мемлекеттік экологиялық бақылау
03 июля 2021
Қостанай облысында қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру

«Қазақстан алюминийі» АҚ-ның Торғай боксит кен басқармасы (ТБКБ) филиалына қатысты профилактикалық бақылаумен Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының бірқатар бұзушылықтары, оның ішінде жалпы ауданы 35 гектар екінші Арқалық жер учаскесінде 430 000 тонна (187 000 м3) көлемінде құрылыс қалдықтарын санкцияланбаған орналастыру анықталды.

Аталған факті бойынша Қостанай облысы бойынша Экология департаменті бұзушылықтарды жою және келтірілген залалды өтеу туралы 30 миллион теңге сомасында нұсқама берді.

Қалдықтарды кәдеге жарату, қайта өңдеу, залалсыздандыру және қауіпсіз жою бойынша іс-шараларды жүргізу, оларды қайта пайдалану мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

Кепілдік хатқа сәйкес «Торғай боксит кен басқармасының (ТБКБ) екінші Арқалық учаскесі кен орнының 35 гектар қазылғаннан кейін тау-кен қызметінің салдарын жоюдың» жобасы әзірленді.

Кәсіпорынмен техникалық рекультивация жүргізілді, ал ағымдағы жылдың күзінде көп жылдық шөптерді себу жолымен биологиялық рекультивация орындалатын болады. Пайдаланылған карьерлерді қалпына келтіру бұзылған жерлерді оларды одан әрі мақсатты пайдалану үшін қалпына келтіруге әкелетінін атап өткен жөн.

Мемлекеттік экологиялық бақылау
02 июля 2021
Құрметті әріптестер!

Ағымдағы жылғы бірінші шілдеде Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекс күшіне енді. Оны әзірлеу барысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жұртшылықпен және бизнес-қоғамдастықпен ауқымды талқылау жүргізді, өңірлерге 20-дан астам сапар жасалды. Осының барлығы ЭЫДҰ-ға мүше елдердің тәсілдеріне сәйкес жаңа құжат қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Жаңа Экокодекс қоршаған ортаға теріс әсер етуді болдырмау үшін алдын алу шараларын қабылдауға бағытталған. Оның тиімді құралдарының бірі ең озық қолжетімді технологияларды (бұдан әрі - ОҚТ) енгізу болады.

Жұмыс істеп тұрған аса ірі ластағыштар үшін бұл көшу экологиялық тиімділік бағдарламасына сәйкес 10 жыл ішінде кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Экокодекс жобасында сондай-ақ деректерді уәкілетті органға бере отырып, бірінші санаттағы объектілер үшін өндірістік экологиялық мониторингті міндетті автоматтандыру, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жаңа тәсілдері (ҚОӘБ) және т. б. көзделген.

Экологиялық кодекстің жаңа түрі "ластаушы төлейді" қағидатын көздейді. Жаңартылған заң жобасына сәйкес өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін санкцияларды қатаңдату жоспарлануда.

Кодекстің басты міндеттері қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдылықты нығайту, сондай-ақ халықаралық тәжірибе мен елдің техникалық және экономикалық мүмкіндіктері негізінде экологиялық реттеудің прогрессивті тетіктерін енгізу болып табылатынын атап өту маңызды.

Мемлекеттік экологиялық бақылау
01 июля 2021
Барлық ережелерге сай қалпына келтіру
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында құрылыс материалдарын өндірумен айналысатын 47 карьер бар. Нәтижесінде қазаншұңқырлар мен шұңқырлар қалпына келтірусіз қалуда. Экологиялық талаптар бұзылуда.  
Бұл мәселені шешу үшін Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті қала әкімдігімен бірлесіп аталған карьерлердің иелеріне оларды қалпына келтіруді мәжбүрлеу туралы  талап қою арызын жолдады.
  Сотпен талап қою арыздар толық қанағаттандырылды. Сот органының шешімімен барлық қатысы бар заңды тұлғалар өндіру орындарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге міндеттенді. Қазіргі уақытта келесі заңды тұлғаларға тиісті міндеттемелер жүктелді: "Хаджи-к" ЖШС, "Шымкент тас" ЖШС, "Кумыс-Тас" ЖШС, "Алди-СО" ЖШС, "С-Аспандияр" ЖШС, "Бритекс-Лайн" ЖШС, "КазПромКирпич" ЖШС және "Оңтүстік құрылыс сервис"ЖШС. Өз кезегінде, "Хаджи-К" және "Шымкент тас" ЖШС тарапынан бірқатар қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.  
  "Кумыс Тас" ЖШС-де Тассай-II кен орнында кезең-кезеңмен жою жобасы әзірленді. Алдымен аршылған жыныстарды карьерге тегістеу және төсеу, содан кейін топырақтың құнарлы қабатын бекітіп, қауіпсіз қалдықтарды төсеу.
   Осылайша, екі үлкен проблема шешілетінін атап өткен жөн, яғни карьерлерді қалпына келтіру және қауіпті емес инертті, әдетте құрылыс қалдықтарын пайдалану мәселесі.  
Қазір Шымкент қаласының аумағында Түркістан облысының әкімдігімен мерзімінен бұрын тоқтатылған жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша комиссиялар құрылды.
Мемлекеттік экологиялық бақылау
08 июня 2021
Дүниежүзілік қоргаған ортаны қорғау күнін мерекелеу қарсаңында «Бірге таза Қазақстан» акциясы өтті

2021 жылғы 5 маусымда Дүниежүзілік қоргаған ортаны қорғау күнін мерекелеу қарсаңында «Бірге таза Қазақстан» акциясы өтті. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен ұйымдастырылған іс-шарада еліміздің бүкіл облысының 150 мыңнан астам тұрғындары қатысты. Олардың арасында көптеген ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, қоғамның өкілдері, сондай-ақ 25 мыңнан жоғары экобелсенділер мен волонтерлер бар.  Бірлескен күш-жігермен республиканың 492 локациясы бойынша 37 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.

Елордада акция өткізуге арналған бірнеше алаң анықталды. Ең негізгілерінің бірі Алматы ауданындағы Нұра-Есіл каналының бойындағы учаске болды. Нұр-сұлтан қаласының бес мыңға жуық тұрғыны қоқыс тазалауға шығып, 540 тонна қоқысты өңдеуге жинады.

«Бірге Таза Қазақстан» акциясы алғаш рет 2019 жылы бастау алды. Акцияның барлық кезеңі ішінде оған еліміздің 650 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Тек үш жылдың ішінде 400 мың тоннадан астам қалдық жиналып, кәдеге жаратуға берілді. Сонымен қатар, іс-шара аясында екі миллион ағаш отырғызылды.

Экологтардың кәсіби мерекесі жаздың алғашқы күндерінде тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де тойлануыны символикалық мәнге ие. Осыған байланысты биыл алғаш рет Нұр-сұлтан мен Орынбор арасында телекөпір өткізілді. Бірлескен диалогта осындай іс-шаралардың жаҺандық маңыздылығы мен қажеттілігі туралы пікір алмасты. Көрші мемлекет біздің ортақ су қоймамыз болып табылатын Жайық өзенінің жағасын тазалау бойынша жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде, Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ермек Умаров Ресей Федерациясындағы барлық қатысушылар мен әріптестеріне планета экологиясының жай-күйін бірлесіп реттеудегі түсініспеншіліктері пен ашықтығы үшін алғысын білдірді.

Бұндай қарым-қатынас болашақта жақсы дәстүрге айналуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Өйткені, осы секілді акцияларды өткізудің басты және жалпы мақсаты - жастарды экологиялық мәдениетке және қоршаған ортаға ұқыпты қараудағы көзқарастарын тәрбиелеу болып табылады.

Мемлекеттік экологиялық бақылау
27 мая 2021
Көмек көрсету үшін диалог жүргізуге арналған алаң

Ағымдағы жылдың 24 мамырында онлайн режимде Ақтөбе қаласы тұрғындарымен Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (бұдан әрі - АФЗ) және Ақтөбе хром қосылыстары зауыты (бұдан әрі - АХҚЗ) сияқты кәсіпорындардың өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шараға Комитет төрағасы Зулфухар Жолдасовтың басшылығымен эковолонтерлер мен қоғамшылдардан басқа, қала әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің басшылығы қатысты. Аталған онлайн-алаң ақтөбеліктер үшін ең маңызды және күрделі мәселелерді қозғай отырып, сындарлы диалог жүргізуге мүмкіндік берді.

Онлайн-конференция барысында экоқоғамшылдар Ақтөбе қаласының атмосфералық ауасының жай-күйіне, атап айтқанда, күкіртсутектің иісіне, газдардың шығарындыларына және "АФЗ" және "АХҚЗ" өнеркәсіптік кәсіпорындарында зиянды заттар мен қалдықтардың рұқсат етілген шекті шоғырлануының артуына байланысты бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті. Бұдан басқа, азаматтарды медициналық және басқа да қауіпті қалдықтарды қалай кәдеге жарату, сондай-ақ сол процестің өзі: ол қайда іске асырылады және бұл рәсімді жұртшылық үшін ашық ету мүмкін бе деген мәселелер толғандырды.

Қазақстандағы алғашқы қара металл зауытының өкілдері (АФЗ) экоактивистердің сұрақтарына барынша толық жауап беруге тырысты.

Сонымен, №1,2 балқыту цехтарын жаңғырту "Ақтөбе облысының 2020-2024 жылдарға арналған экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасы" іс-шаралар жоспарына енгізілген. Экология министрі бекіткен және Ақтөбе облысының әкімімен келісілген зауыт 2022 жылдың соңына дейін газ тазалау цехтарын жаңғырту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл атмосфералық ауаға шығарындыларды 2,1 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Ал 2023 жылға қарай жаңғыртудың арқасында эмиссиялар шамамен 40% - ға төмендейді.

Көбінесе қала тұрғындары мен әлеуметтік экотоптардың өкілдері зиянды түтін үшін ақ су буын қабылдайды, ол ешқандай қауіп төндірмейді және барлығы ондаған жылдар бойы қолданыстағы стандарттар шегінде. Кейде халық зауыттағы сүзгілерді өшіруден қорқады. АФЗ мамандары бұл мүмкін емес екенін түсіндірді, өйткені сүзгілер техникалық процестің ажырамас бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ, онлайн талқылау барысында Комитет төрағасы "АФЗ" басшылығына атмосфералық ауаға апта сайын мониторинг жүргізуді және қоғам өкілдерімен жедел желі құруды тапсырды, онда эмиссияларды бұзу бойынша барлық фактілер тіркелетін болады. Экология департаменті "Қазгидромет" РМК-мен бірлесе отырып, оқиға орнына барып, шұғыл түрде қажетті өлшеулерді жүргізетін болады.

Өз кезегінде, АХҚЗ бас экологы Андрей Ивлев бүгінгі таңда зауытта жабдықтарды қайта құру және жаңғырту жүргізіліп жатқанын, 10 жаңа электр сүзгілері сатып алынғанын, олар 2024 жылға дейін біртіндеп пайдалануға берілетінін атап өтті. Қазір мониторинг деректері эмиссиялардың 30-40% - ға төмендегенін көрсетіп отыр.

Ақтөбеліктердің наразылығын тудырған күкіртсутектің жағымсыз иісіне келетін болсақ, қала басшылығы оның көздерінің қала атмосферасында болу себептері, ең алдымен, қалалық кәріздік сорғы станциялары, кәріздік тазарту құрылыстары мен лай алаңдары жұмысының тиімсіздігі екеніне сенімді. Алайда, Комитет басшылығы күкіртсутектің иісінің нақты себебін анықтау үшін қоғам өкілдерін тарта отырып, үлкен талдау жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Бұл барлық факторларды, соның ішінде ауа-райын ескере отырып, негізгі қайнар көзі не екенін түсіну үшін мониторинг болуы қажет: зауыттар, кәріздік тазарту құрылыстары немесе жеке сектор.

Кездесу қорытындысы бойынша, диалогтың барлық қатысушыларына хаттама түрінде жалпы ұсынымға қол қою туралы шешім қабылданды, онда ең өзекті мәселелер мен проблемаларды шешу мерзімдері мен жолдары белгіленеді. Бұл құжат жүргізіліп жатқан жұмыстың ашықтығының кепілі ретінде әлеуметтік желілердегі барлық адамдар үшін қолжетімді болады. Сондай-ақ, кәсіпорындарға халықтың сенімін арттыру және қолданыстағы мифтерді жою үшін қалдықтарды жою орындарына жұртшылық үшін таныстыру экскурсиясын өткізу ұсынылды.

Сонымен қатар, Зулфухар Жолдасов барлық экология департаменттеріне қоғамдық бақылау алаңын ұйымдастыруды тапсырды. "АФЗ" және "АХҚЗ" кәсіпорындарына экологиялық жағдайды жақсарту және экологиялық проблемаларды шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, сондай-ақ барлық жоспарланған іс-шаралар туралы ақпаратты ашық түрде орналастыру тапсырылды. Бұл шара жұртшылыққа олардың орындалуы мен мерзімдерін қадағалауы үшін қажет.

Мемлекеттік экологиялық бақылау
06 мая 2021
ҚМГ көгалдандырудың жаңа стратегиясын ұсынады

Сәуір айының соңында онлайн режимде "ҚазМұнайГаз" АҚ Ұлттық компаниясымен кездесу өтті, ол ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. Комитет басшылығының төрағалығымен оған "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ өкілдері және экология департаменттерінің басшылары қатысты. Негізгі бағыты атмосфералық ауаны ластау көлемін азайту болып табылатын "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасын белсенді қолдау мақсатында ірі ластаушы компаниялардың проблемалық экологиялық мәселелері мен перспективаларын талқылауға арналған жаңа алаң тікелей экология комитетімен бастамашылық етілді.

2002 жылы құрылған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ (ҚМГ) еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін білдіреді. Компания мұнай өңдеумен, барлаумен және өндірумен, сондай-ақ мұнай мен газды тасымалдаумен және маркетингпен айналысады.

Қазір компанияда газ жағудың және сәйкесінше шығарындылардың азаюы байқалады, ал соңғы жылдары кәсіпорындардың айтарлықтай экологияландырылуы байқалады. Мысалы, 2017 жылмен салыстырғанда 2020 жылы шикі газды алау етіп жағу 315 млн.м3 - ден 57 млн. текше метрге дейін азайды.

Сонымен қатар, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарындағы "ҚМГ" ҰК АҚ кәсіпорындарында эмиссиялар шығарындылары лимитінің өсуі тіркелді.

Технологиялық жабдықтың істен шығуына байланысты алауларда газды жүйелі түрде жағу, айналымды сумен жабдықтаудың жеткіліксіздігі, суды ұтымсыз пайдалану, өндіріс қалдықтарын орналастыруға және сарқынды суларды төгуге арналған лимиттердің нақты шамалармен салыстырғанда асып кетуі – бұл онлайн-кездесу барысында айтылған бірқатар проблемалар.

Бұл "Ембімұнайгаз" АҚ, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС және табиғат пайдаланушылардың басқа да ірі кәсіпорындарында байқалады.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау Департаментінің директоры өз баяндамасында компания үшін 2021 жыл экологияға, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату және су ресурстарын қорғау сияқты маңызды мәселелерді шешуге арналған жыл болатынын атап өтті. Ол сондай-ақ, энергия және ресурс үнемдеу, сондай-ақ атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту жөніндегі бағдарлама әзірленетінін түсіндірді.

Қазір мұнай компаниясы парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша шаралар мен нақты жобаларды әзірлеуді қарастыратын төмен көміртекті даму бағдарламасын әзірлеуге кірісті.

Кеңес барысында сондай-ақ Шымкентте, "ПКИ" кәсіпорнында Павлодардағы "ПМХЗ" және Атыраудағы "АМӨЗ" кәсіпорындарымен салыстырғанда табиғатты қорғау іс-шараларына жеткілікті қаражат бөлінбейтіні атап өтілді, дегенмен тұрғындар тарапынан шағымдар бар. Нашар ұйымдастырылған және автоматтандырылған мониторинг. Ұйымдастырылмаған ластану көздерінің санын азайту ұсынылды. Сонымен қатар, Шымкентте кәсіпорын бойынша ерекше назар аударуды қажет ететін басқа да көптеген проблемалар айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Комитет төрағасы Зулфухар Жолдасов мұндай кездесулердің бастамасы, ең алдымен, компанияларға көмекке және кәсіпорын қалдықтарын еріксіз жағу көлемінің жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттілігі, санитарлық аймақтарда ғана емес, елді мекендерде де көгалдандыру мәселелері сияқты өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталғанын атап өтті. Бұдан басқа, эмиссиялардың қоршаған ортаға әсерін азайтуға бағытталған табиғат қорғау іс-шараларының тиімділігіне көп көңіл бөлінуі тиіс.

Комитет "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-қа сумен жабдықтау айналымын ұлғайту мәселесін пысықтауды, осы бағыттағы оң динамикаға қарамастан барлық кәсіпорындарда қалдықтарды кәдеге жарату бойынша нақты сандар беруді, сондай-ақ халықпен көбірек кездесулер өткізуді және жұртшылықпен белсенді жұмыс жүргізуді ұсынды.

Компания өкілдерімен жаңа кездесу бір айдан кейін жоспарланған. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басшылығы келесі кеңесте эмиссияларды төмендету, сондай - ақ облыстық экология департаменттері онлайн жұмыс іс-шарасы барысында айтқан барлық аталған мәселелер мен проблемаларды шешу стратегиясын ұсынуға уәде берді. Осылайша, Қазақстанның ірі мұнай кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу қоршаған ортаның ластану көлемін төмендету бойынша одан әрі бірлескен іс-қимылдардың бастапқы алгоритмін айқындауға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік экологиялық бақылау
16 апреля 2021
Ластану және жаза қолдану

Ағымдағы жылдың наурыз айында "Арселор Миттал Теміртау" АҚ конверторлық цехында ластаушы заттардың апаттық жаппай шығарылу фактісі бойынша осы кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Ақпан айының соңында әлеуметтік желілерде зауыттан қызғылт түтіннің шығып жатқандығы туралы бейне пайда болды, ал Қарағанды облысы бойынша экология департаменті атмосфераға ластаушы заттар шығарудың рұқсат етілген нормаларынан елеулі асып кеткендігі тіркелгендігін естеріңізге сала кетейік.

Мәселен, тексеру барысында Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің тексеру комиссиясы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ кәсіпорнымен бөлінетін газдарды ұстау және тазарту жүйесін пайдалану қағидалары бұзылғанын анықтады. Тексеру барысында, бұл бұзушылық технологиялық жабдықтың қанағаттанғысыз жай-күйінен туындағаны дәлелденді. Осыған байланысты, №2 конвертер ағымдағы жылдың мамыр айына дейін күрделі жөндеуге тоқтатылды.

Зауытты мұқият тексеру зауыттың сегіз цехы бойынша жүргізілгенін атап өткен жөн. Әр түрлі нормативтердің бұзылуы мен асып кетуі олардың жетеуінде: бу айдау, №2 табақша металды илемдеу, агломерациялық, кокстық, сондай-ақ әк күйдіру цехтарында, оттегі-конвертерлік және көмір дайындау цехтарында анықталды.

Жоғарыда аталған барлық фактілер мен экологиялық талаптардың тиісінше орындалмауы ҚР Экологиялық кодексінің 69-бабы 3-тармағының бұзылуына әкеп соқты, онда "Табиғатты пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатта көрсетілген шарттарды орындауға міндетті және оларды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады" делінген.

Бүгінгі күні, жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша "Арселор Миттал Теміртау" кәсіпорнына айыппұл салынды. Бұдан басқа, кәсіпорынға сомасы шамамен* 1 млрд.теңгеден асатын залалды өтеу туралы нұсқама жіберілді (* - қазіргі уақытта залалды бағалауды есептеу бойынша жұмыстар әлі де жүргізілуде).

Табылған бұзушылықтарды жойғанға дейін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ цехтарының қызметін тоқтата тұру бүкіл өндірістің тоқтап қалуына әкелетінін атап өту маңызды, өйткені кәсіпорын циклы тұйық болып табылады және қандай да бір цехсыз жұмыс істей алмайды. Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорынның вице-президенті Виджай Гоял алдағы төрт жылда шығарындылар көлемін кем дегенде 30 пайызға азайтуға, оларды автоматтандыруды қамтамасыз етуге және үш жыл ішінде Теміртау қаласында 500 мың ағаш отырғызуға уәде берген болатын.

Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету
15 апреля 2021
ҚОӘБ хаттамасын қарау бойынша жұмыс тобының отырысы

12-13 сәуірде қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы (бұдан әрі - ҚОӘБ) қарау бойынша кеңес өтті. Іс-шара барысында жұмыс тобының жиналысына қатысқан ҚР Парламентінің депутаттары ҚОӘБ хаттамасын іске асырудың тиімділігі мәселесін көтерді.

Осы хаттама бүгінде Қазақстан жұртшылығының Каспий маңы елдерінде шешімдер қабылдау процесіне кеңінен қатысуын көздейді.

Оның ынтымақтастық аясында қолданылуы ең алдымен табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны үнемді және ұқыпты пайдалануға ықпал етеді, соның арқасында тұрақты экономикалық өсу мен саяси тұрақтылық негізі қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, ҚОӘБ хаттамасын іске асыру Каспий теңізінің пайдаланылатын ресурстарын сақтауға қатысты трансшекаралық ынтымақтастыққа ықпал етеді. Бұл құжат қақтығыстардың алдын алуға ықпал етеді, елдегі жүйелер мен олардың тиімділігін арттырады.

Трансшекаралық контексте қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімі жаңа экологиялық Кодекстің 80-бабында да көзделгенін атап өту маңызды.

Анықтама: Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі хаттамаға 2018 жылғы 20 шілдеде Мәскеуде Каспий маңы мемлекеттері: Әзербайжан республикасы, Иран, Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Түрікменстан қол қойды. Хаттаманың негізгі бағыттары: ҚОӘБ рәсіміне жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз ету, теңіз ортасы мен құрлықтың ластануын болдырмау, азайту және бақылау болып табылады. Сондай-ақ, биологиялық әртүрлілікті сақтау және теңіз ортасының табиғи ресурстарын үнемді пайдалану.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
15 апреля 2021
Тәуекелдерді бірге азайту.

Кеше Экологиялық реттеу және бақылау комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңес өткізді. Кездесуге онлайн режимде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі басқармалар, сондай-ақ экология департаменттерінің басшылары қатысты.

Барлық Басқарма басшылары мен Экология департаменттерінің басшыларына ағымдағы жылдың алтыншы мамырына дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тапсырылды.

Кеңес барысында анықталған тәуекелдер бойынша айыппұл санкцияларын бірыңғай алгоритм бойынша қолдану ұсынылды. Сондай-ақ, болашақта залалды уақытылы көрсету және бұзушылықтардың жолын кесу жүйесін әзірлеу қажет.

Комитет төрағасы Зулфухар Жолдасов бүгінде Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Қостанай, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау облыстары бойынша Экология департаменттерінде орын алып отырған бірқатар қателіктер мен сәйкессіздіктерді атап өтті. Мысалы, Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті Бестамақ ауылы тұрғындарының ауыл маңында орналасқан шошқа фермасының қалдықтары мен төзімсіз иісін жоюға қатысты бірнеше рет жүгінуіне уақытылы жауап бермеген.

Сондай-ақ, Комитет жауапты тұлғаларға жолданған Департаменттің ұсынымдарын орындау бойынша Жол картасын бекітті. Барлық ескертулер мен тапсырмалар хаттамаланған және олар орындалмаған жағдайда Экология департаменттерінің басшылығы жауапты болады.

Социальные сети
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Facebook-тегі ресми беті
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты