2025 жылдың 15 мамыр күні Бөрлі аудандық мәслихатының кезекті XXVII сессиясы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті. Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Д.Имашев, облыстық мәслихат депутаттары А.Агаев,Ж.Курманкулов, бөлім басшылары,қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде "2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы" мәселесі бойынша аудан әкімінің орынбасары Д. Имашев баяндама жасады. Аталған мәселе бойынша мәслихаттың тұрақты комиссиясының қорытындысымен депутат М.Дияров таныстырды. Аудан,қала және ауылдық округтердің 2024 жылға арналған бюджеттерінің шешім жобалары бір ауыздан қабылданды. Келесі ҚР "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының орындалу жөнінде мәселесі бойынша жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы КММ басшысы Т.Хадышева, "Бөрлі ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жұмыс барысы мен атқарылған жұмыстар туралы" бөлім басшысы А.Есбулатовтың баяндамалары тыңдалып қаралды.
Сонымен қатар "Бөрлі ауданы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте ( таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен қаулы және шешім қабылданды.
"Бөрлі ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы" аудан әкімдігі ұйымдастыру- бақылау жұмысы және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы Ж.Жумашева, "Аумақтық (аудандық), округтік,учаскелік сайлау комиссияларына қосымша сайлау туралы" мәселе бойынша аудандық мәслихаттың ұйымдастыру бөлімінің басшысы Л.Букушева баяндады.
Сессия соңында аудан әкімінің орынбасары Д.Имашев сөз алып, бүгінгі қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
Сессия отырысы Facebook әлеуметтік платформасы арқылы тікелей эфирде өтті.