Meeting with the population of the Burlinsky rural district

Meeting with the population of the Burlinsky rural district

Бүгін Бөрлі аудандық мәслихатының төрағасы К.Ермекбаев Бөрлі ауылының тұрғындарының алдында атқарған жұмыстары туралы есебін берді.

📎Кездесуге облыстық мәслихат депутаты А.Агаев, "AMANAT" партиясы Бөрлі аудандық филиалының атқарушы хатшысы В.Пермитина, Бөрлі ауылдық округінің әкімі Ә.Зарифов қатысты.

📎Кездесу барысында М.Давлетьяров, М.Өтемұратов,Қ. Кутлугалямова жайылымдар, ШҚ- ның жер телімінің шекараларын белгілеп қоршау туралы, ауылішілік жолдар, ауылдағы зираттарға баратын жолдардың жағдайы, Бөрлі-Ақсай тас жолын жөндеудің қажеттілігі, жолаушылар тасымалы, Ақсай қаласындағы Жарсуат сауда үйінің қасындағы аялдаманы қалпына келтіру сынды т.б. мәселелерді көтерді.

📎Сонымен қатар жер кезегінің тізімін атқарушы орган жергілікті қауымдастықпен бірлесіп тексеріп қарауын да ұсынды. Ауылдың ақсақалы Жеткін ағай ауылға келген дәрігер мамандарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін көтерген болатын.

📎К.Ермекбаев өзінің сайлауалды бағдарламасында көрсеткен бағыттарының бірқатары орындалғанын белгілей келе, тұрғындардың көтерген кейбір мәселелерінің шешілуіне ат салысатындығын жеткізді.

📎Сонымен қатар бірқатар мәселелер бойынша құзіретті органдарға депутаттық сауалдар жолданатынын, назарға алынатынын айтты.

📎 Кездесу соңында тұрғындардың жеке сұрақтары бойынша депутаттар қабылдау өткізді.