2025 жылдың 18 наурыз күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы мәслихат депутаты Б.Гадельшиевтың төрағалығымен өтті

2025 жылдың 18 наурыз күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы мәслихат депутаты Б.Гадельшиевтың төрағалығымен өтті

2025 жылдың 18 наурыз күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы мәслихат депутаты Б.Гадельшиевтың төрағалығымен өтті. 

Комиссияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы 22-2 “2025-2027 жылдарға арналған Бөрлі ауданының бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Бөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы “2025-2027 жылдарға арналған Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджеттері туралы” шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы 7-2 “Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы” шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Отырыста күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселелер бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова баяндады. 

Депутаттар А.Агаев, С.Дуйсенов, Б.Гадельшиев бюджетке қатысты сұрақтар қойып, жауаптар алды. 

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер кезектен тыс сессияның күн тәртібіне енгізілді.