
2023 жылдың 27 шілдесі күні Бөрлі аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы " Білім беру саласының жаңа оқу жылына дайындығы туралы" сұрағы бойынша мәслихат депутаты М.М.Дияровтың төрағалығымен, мәслихат төрағасы К.Т.Ермекбаев, облыстық мәслихаттың депутаты Ж.И.Курманкулов және комиссия мүшелері: А.Б.Елеусинова, Е.Б.Мергалиев, О.Т.Тулемисов және аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.М.Тржанованың қатысуымен Ақсай қаласындағы 5 ЖОББМ барды. Мектеп заманауи құрал жабдықтармен толық қамтылған. Балалардың білім алуына толық жағдай жасалғанын, пән кабинеттері қажетті құралдармен қамтамасыз етілгенін, сонымен қатар логопед, психолог, әлеуметтік педагог кабинеттері балалардың дамуына, денсаулықтарының жақсаруына барлық жағдай жасалғанын айтуға болады. Мектеп дәлізіндегі қоңырау кезінде уақытты ұтымды пайдалану үшін, балалардың ой-өрісін дамыту мақсатында шахмат,шашкалар, демалу орындары орнатылған. Депутаттар балалар үшін жасалған жаңа өзгерістерге оң баға берді.