Қоғамдық кеңес отырысы

Қоғамдық кеңес отырысы

28 мамыр күні қоғамдық кеңесінің отырысы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті. Отырысқа аудан әкімі Е.Ихсанов, кеңес мүшелері, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Отырыста «2025 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылуы туралы» мәселесі қаралып, мақұлданды.

Қоғамдық кеңес мүшелері «Жер қатынастар бөлімі және Қарақұдық  ауылдық округі әкімі аппаратының атқарған жұмысы мен көрсететін мемлекеттік қызметтері туралы баяндамаларды тыңдап, талқылады.

Сонымен қатар аудан әкімінің «Бөрлі аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы қаралып, қолдау тапты.

Кеңес мүшелері жердің пайдалану мақсатын өзгерту, ауылда халық саның көбейтуге байланысты сұрақтар қойып, жауаптар алды.

Аудан әкімі Е.Ихсанов отырысты қорытындылап, қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.