Мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен депутаттардан құрылған жұмыс тобы Ақсай қаласындағы «Жастар» стадионын қайта жаңарту құрылыс жұмыстарымен танысты

Мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен депутаттардан құрылған  жұмыс тобы Ақсай қаласындағы «Жастар» стадионын қайта жаңарту құрылыс жұмыстарымен танысты

Бүгін мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен депутаттардан құрылған  жұмыс тобы Ақсай қаласындағы «Жастар» стадионын қайта жаңарту құрылыс жұмыстарымен танысты.

Комиссия жұмысына аудан әкімінің орынбасары М.Нурмаков, аудандық спорт, сәулет және қалақұрылысы бөлімдердің басшылары,  «Қалдығайты» ЖСШ мердігер компаниясы,  авторлық қадағалау «Міras-2019» ЖСШ , техникалық қадағалау «Жаңа Колсалтинг LTD» ЖСШ өкілдері   қатысты.     Құрылыс жұмыстарының  тапсырыс берушісі - КПО б.в. команиясы.

Стадионда  садақ ату, арқан тартыс, асық ойнау, үстел теннисіне арналған залдары, сонымен қатар арнайы техникалдарға арналған гараждар, әкімшілік  бөлмелері бар ғимарат салынуда.  

Стадионда жүгіру жолы, жағажай волейболы, футбол алаңы, стрит воркаут, тренажерлар қарастырылған. Құрылыс жұмыстарының аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың  тамыз айына дейін жоспарлануда.

Құрылыс аясында стадионды қоршау, абаттандыру, бейнебақылау орнату, қыс мезгілінде мұзайды құю көзделген.

      Жұмыс барысында мәслихат депутаттары өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, құрылыс жұмыстарының сапасына аса назар аударуды ұсынды.