Аудандық мәслихаттың кезекті XXXIII сессиясын мәслихат төрағасы К.Ермекбаев ашып, жүргізді. Сессия отырысына аудан әкімі Е.Ихсанов, облыстық мәслихатының депутаттары А.Агаев, Ж.Курманкулов, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпаратқұралдары өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Бөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы атқарған жұмыстар туралы
- Кәсіпкерлік бөлімінің атқарылған жұмыстары мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы
- Бөрлі ауданының ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функцияларын жүзеге асыру туралы
- 2025-2027 жылдарға арналған Ақбұлақ ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жүзеге асыру туралы
- 2025-2027 жылдарға арналған Бөрлі ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жүзеге асыру туралы
- Бөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №32-2 «2026-2030 жылдарға арналған Бөрлі ауданының даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Бөрлі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 ақпандағы №6-15/234 «Бөрлі ауданы әкімдігінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Бөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 мамырдағы №27-19 «Бөрлі ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Жер комиссиясының құрамын бекіту туралы
- Учаскелік сайлау комиссияларына қосымша сайлау туралы
Депутаттар қаралған мәселелер бойынша шешім жобаларды қолдады. Жұмыс барысында баяндамашыларға сұрақтар қойып, жауаптар алды.
Сессия отырысы онлайн форматта көрсетілді.