29 қаңтар күні аудандық қоғамдық кеңесінің отырысын кеңес төрағасы Б.Макеев жүргізді. Отырысқа аудан әкімі Е.Ихсанов, мәслихат төрағасы К.Ермекбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Бектурганов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
Отырыста:
-«2025 жылы аудан әкімінің атқарған жұмысы туралы»
-Бөрлі аудандық мәслихатының атқарған жұмысы туралы
-Бөрлі аудандық қоғамдық кеңесінінің атқарған жұмысы туралы
-2025 жылы Бөрлі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің атқарған жұмысы туралы
-Бөрлі ауданы әкімдігінің 2025жылғы 15 мамырдағы №175 және Бөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 мамырдағы №27-18 «Бөрлі ауданы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер қаралды.
Қоғамдық кеңес мүшелері баяндамашылардың 2025 жылдағы жасалған жұмыстармен танысып, есептер назарға алынды.
Кеңес мүшелері жаңадан салынған военкоматтың қоршау мәселесін, әскери-патриоттық орталығын ашу, патриоттық сипатта баннерлер орнату, су мәселесі, жолдарды, тратуарларды қыс мезгілінде күтіп ұстауға байланысты өздерінің ұсыныстарын білдірді.
Аудан әкімі Е.Ихсанов көтерген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері назарға алынатындығы туралы айтып, бөлім басшыларына жұмыстану үшін бірқатар тапсырмалар берілді.
Отырыс соңында қоғамдық кеңес мүшесі, еңбек ардагері М.Ергалиев қоғамдық кеңес құрамынан шығуына байланысты кеңес төрағасы Б.Макеевтің атынан көпжылдар бойы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, ауданымыздың дамуына үлес қосқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.