25 желтоқсан күні Бөрлі аудандық мәслихатының кезекті 32- сессиясы өтті

25 желтоқсан күні  Бөрлі аудандық мәслихатының кезекті 32- сессиясы өтті

25 желтоқсан күні К.Т.Ермекбаевтың төрағалығымен тікелей эфирде Бөрлі аудандық мәслихатының кезекті 32 сессиясы өтті. Күн тәртібіне сәйкес, депутаттар алдымен  «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» мәселесін қарап, шешім қабылдады. «2026-2028 жылдарға арналған Ақсай қаласы және ауылдық округтердің  бюджет туралы» экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова баяндады. Депутаттар, кейбір ауылдық округтердің жолдарын жөндеу бойынша сұрақтар қойып, жауабын алды.

Сонымен қатар, «2026-2030 жылдарға арналған Бөрлі ауданының даму жоспары туралы» баяндамасы тыңдалды. Сессияда Пугачев ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жүзеге асыру туралы мәселе бойынша  Пугачев ауылдық округінің әкімі М.Изтелеуов баяндама жасады. Осы мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Депутаттар, аумақтық (аудандық), округтік, учаскелік сайлау комиссияларына, Бөрлі ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамына өзгерістер енгізді.

Сондай-ақ, 2026 жылға арналған Бөрлі аудандық мәслихатының жұмыс жоспары бекітілді.

Сессия соңында аудан әкімі Е.Ихсанов 2025 жыл нәтижелерін қорытындылап, аудандық мәслихат депутаттарына қолдағандары үшін алғыс білдірді.

        Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 91-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11 – бабына сәйкес, мәслихат сессиясының жұмысында 15 күннен аспайтын үзіліс жарияланды.