
2025 жылдың 25 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы депутат М.Дияровтың төрағалығымен өтті. Отырыста «2026-2028 жылдарға арналған Бөрлі ауданының, Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» сонымен қатар «2026-2030 жылдарға арналған Бөрлі ауданының даму жоспарын бекіту туралы» мәселелер бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Т.Шамгонова баяндады. Мәслихат депутаттары А.Агаев, К.Ермекбаев, Б.Гадельшиев, Т.Мукамбетов, Б.Дюсенов пікірталасқа қатысып, салық түсімдері, жобалау-сметалық құжаттарының мерзімі, даму жоспары, жол жөндеу, бюджет қаражатының жоспарлауы мен тиімділігі жөнінде мәселелер көтеріп, ұсыныстар жасады.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер сессияның күн тәртібіне енгізілді.