Бөрлі аудандық мәслихатының жұмыс тобы атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, Ақсай қаласының автомобиль жолдарының қысқа дайындығын және мердігерлердің базалары мен техникаларын қарап шықты

Бөрлі аудандық мәслихатының жұмыс тобы атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, Ақсай қаласының автомобиль жолдарының қысқа дайындығын және мердігерлердің базалары мен  техникаларын қарап  шықты

Бөрлі аудандық мәслихатының жұмыс тобы атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, Ақсай қаласының автомобиль жолдарының қысқа дайындығын және мердігерлердің базалары мен  техникаларын қарап  шықты.

Қыс мезгілінде автомобиль жолдарын уақтылы тазалау, көктайғақтың алдын алу және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті техника, материалдық қорлар және адам ресурстары жеткілікті деңгейде дайындалған. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жедел әрекет ету үшін арнайы жауапты тұлғалар бекітіліп, техникалардың үздіксіз жұмыс істеуі тұрақты бақылауға алынған.

Ақсай қаласы бойынша қызмет көрсететін мердігер ұйымдар: Ақсай қаласының оңтүстік және солтүстік бөлігіндегі автожолдарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау бойынша “ПМК-615” ЖШС. Мұнда қыс мезгілінде күтіп ұстау жұмыстарына 40 адам жұмылдырылады. Жұмысшыларға  барлық қолайлы жағдай жасалған, яғни жатын орын, ыстық тағаммен қамтамасыз етіледі. Аралтал шағынауданы  бөлігіндегі автожолдарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау бойынша “АПР Казахстан” ЖШС мердігерлік ұйымдары қызмет атқарса, қаланың 7,9,11,13 және Қызылтал шағынаудандарындағы  (44 км) көше жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары бойынша мердігер «Grand Asia cleaning service» ЖШС атқарады. 

Кездесу барысында депутаттар жол қауіпсіздігіне, жолдарды, тратуарларды уақытылы тазартуына аса назарда ұстауды ұсынды.