Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 31 сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 31 сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 31 сессиясын мәслихат төрағасы К.Ермекбаев ашып, жүргізді. Сессияға аудан әкімі Е.Ихсанов, облыстық мәслихаттың депутаты А.Агаев, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі «Бөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №22-2 «2025-2027 жылдарға арналған Бөрлі ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша   экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова баяндама жасады. Мәслихат депутаттары бюджетке енгізілген өзгерістерді қолдады.

Келесі «Ақсай қаласы әкімі аппаратының 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы» мәселе бойынша Ақсай қаласының әкімі А.Баяндыков ақпарат берді.

Баяндамасында 2025 жылы қала бюджеті 1974,2 млн теңге болып бекітілгенің белгіледі. Қаражат жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарға, абаттандыруға, ойын-спорт алаңдардың орнатуы мен жөндеуге, көшелерді жарықтандыруға, көгаландыруға және табы басқа көптеген жұмыстарға жұмсалды. Сонымен қатар ағымдағы жылы инвестиция арқылы 14 жоба іске асырылып, 150 жұмыс орны ашылғаның баяндады.

Депутаттар Ақсай қаласының қарқынды дамып, тұрғындардың өмір сапасының жақсаруына араналған жұмыстардың нәтижелі атқарылып жатқандығын белгілеп, өзекті мәселелердің бірі - электржелілердің тозғандығы туралы мәселені көтеріп,   сквер, саябақ,  спорт-ойын алаңдарын күтіп ұстау, уақытында тазарту, қоқыстарын шығару жұмыстарын бақылауға алуды ұсынды.